поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

2018 жылы «Қазіргі Қазақстанның жаңғыру процесіндегі жағдайларда мемлекеттің коммуникативтік саясатының кейбір шараларын іске асыруды сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу» жобасын іске асырудың нәтижелері бойынша «Қазіргі заманғы Қазақстанды жаңғырту мәнмәтінінде өзгерістерді басқарудың қолданбалы аспектілері» атты құрал-практикум дайындалды

 

«Қазіргі заманғы Қазақстанды жаңғырту мәнмәтінінде өзгерістерді басқарудың қолданбалы аспектілері» атты әдістемелік құрал-практикумде нақты бір кәсіпорынның мысалында елеулі өзгерістерді басқару стратегиясы құрастырылған және кәсіби құзыреттерді дамытудың, коммуникативтік саясатты жетілдірудің, өзгерістерді басқарудың озық тәсілдері, тәжірибелері мен құралдары жинақталған. Құрал мемлекеттік қызметшілерге, квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне және азаматтық қоғам институттарының өкілдеріне бағдарланған.

СІЛТЕМЕ

Back to top