поддержка PHP 7

«Nur Otan» партиясының мүшелері кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берген Қасым-Жомарт Тоқаев - ұлттық компромисс пен әлеуметтік үміттің тұлғасы деп айтуға барлық негіз бар» дейді саясаттанушы Ерлан Саиров.

«Бұл - менің ойымша бүгінгі таңда өте дұрыс шешім. Қасым-Жомарт Кемелұлы халықаралық деңгейде, сонымен бірге Қазақстанның халқына беделді тұлға. Өздеріңіз білетіндей, Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болып еңбек еткен.

БҰҰ - дүниежүзіндегі экономикалық, гуманитарлық және әлеуметтік мәселелерді шешетін үлкен ұйым. Сонымен бірге, ол елімізде Премьер-Министр болып еңбек етті. Үкімет басшысы болып тұрған кезінде бүгінгі таңдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары осы кісінің тұсында айқындалды.

Сондықтан, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қазіргі жағдайында бұл тұлға ұлттық компромисс пен әлеуметтік үміттің фигурасы деп айтуға барлық негіз бар», - дейді Ерлан Саиров.

Дереккөз: Abai.kz

Back to top