поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

Еуразиялық интеграция Институты Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылы 31-қазандағы №1374 қаулысына сәйкес құрылды.

Институт мақсатттары – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси процесстерін зерттеу және сараптамалық бағалау; ішкі саясат, ақпараттық жұмыс және еуразиялық интеграция мәселері бойынша мемлекеттік органдарды аналитикалық жұмыстармен қамтамасыз ету; әлеуметтік-саяси коммуникацияларды дамыту мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік сарапшылар үшін сұхбат алаңын ұйымдастыру болып табылады.

Институт қызметінің негізгі бағыттыры:

  • Мемлекеттік-коммуникативтік саясатты жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды дайындау үшін әлеуметтік және сараптамалық сұраныстарды өткізу;
  • Азаматтық қоғам саласындағы істердің жай-күйі туралы талдамалық материалдарды әзірлеу;
  • Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі ішкі саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарын және қоғамдық-саяси ахуалды талдау;
  • Қазақстандық және халықаралық сарапшылар және ұйымдармен ғылыми байланыстарды, қарым-қатынастарды, ақпарат алмасуды және бірлескен әзірлемелерді жүзеге асыру.

Back to top