поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

Төлеміс Бақтыбайұлы Кульмухамедов Еуразиялық интеграция институтының директоры лауазымына тағайындалды.

www.forum-astana.org сайтқа тіркеліңіз.

2018 жылғы 4 мамырда Астанада ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) базасында «Астана экономикалық форумы: XXI ғасырдағы жаһандық сын-тегеуріндер және Қазақстан» тақырыбында сарапшылық дөңгелек үстел өтті.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының таныстырылымында сөйлеген сөзін талқылауға және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына жыл толуына арналған

2018 жылғы 14 сәуірде, Еуразиялық интеграция институтының бастамасымен, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының таныстырылымында Елбасының сөйлеген сөзін талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Еуразиялық интеграция институты оның стратегиялық серіктесі - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының 25 жылдығы салтанаттарына қатысты, олардың ішінде - 2018 жылғы 15 маусым күні өткен ҚСЗИ-ның мерей тойына арналған мерекелік іс-шара.

Жоғарыда аталған іс-шараның қонақтарына "Қазақстан Спектр" журналының арнайы басылымы таныстырылды. Журнал нөмірінде Global Challenges Summit нәтижелері бойынша Еуразиялық интеграция институты сарапшыларының ой-пікірлері шығарылды.

Жарияланыммен таныстыруға төмендегі сілтеме арқылы болады:

ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ-ның 25 жылдығына арналған жарияланым

Еуразиялық интеграция институтының сыртқы сарапшысы Дәурен Базаров орталық азия елдері ынтымақтастығының жаңа кезеңі басталғанын айтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Еуразиялық интеграция институты директорының орынбасары Н. П. Калашникова «ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» халықаралық форумына қатысты.

2018 жылғы 27–28 маусымда Еуразиялық интеграция институты Астана – Ұлы Дала Елордасының 20 жылдығына арналған «Ұлы астаналар – ақылды қалалар» атты Халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді.

Панелді сессиялар:

  • Астана – жалпыұлттық және әлеуметтік бірліктің бағдары (фарвартері);
  • Әлеуметтік өркендеу (бақуаттылық) және экономикалық тұрақтылық: Астана – қазақстандықтардың қаласы;
  • Елорданың тұрақты даму жолындағы жаңа технологиялар мен цифрландыру. «Ақыл-ой» орталықтарының басымдылықтары: жаңа ақиқатты құрылымдау» атты дөңгелек үстел.

Өткізу орны: Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Ақпараттық хат

Back to top