поддержка PHP 7

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында жүргізілген әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелерін таныстырудың

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2017 жылғы 24 қарашада Астанада «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы аясында әлеуметтік-мәдени процестерді талдау» және «Қазіргі Қазақстанның жаңғыру жағдайларында мемлекеттік коммуникациялық саясаттың кейбір шараларын сарапшылық-талдамалық жағынан сүйемелдеп отыру» атты әлеуметтанушылық зерттеулердің «Н.Ә. Назарбаев – қоғамдық сананы жаңғырту» және «Н.Ә. Назарбаев – еуразиялық интеграциялық процестер: жаңғырту перспективалары» деп аталатын басты тақырыптық блоктарының таныстырылымы болады.

2017 жылғы 24 қарашада Астанада «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы аясында әлеуметтік-мәдени процестерді талдау» және «Қазіргі Қазақстанның жаңғыру жағдайларында мемлекеттік коммуникациялық саясаттың кейбір шараларын сарапшылық-талдамалық жағынан сүйемелдеп отыру» атты әлеуметтанушылық зерттеулердің «Н.Ә. Назарбаев – қоғамдық сананы жаңғырту» және «Н.Ә. Назарбаев – еуразиялық интеграциялық процестер: жаңғырту перспективалары» деп аталатын басты тақырыптық блоктарының таныстырылымы болады.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі – Ерлан Сыдықов өзінің құттықтау сөзінде қазақстандықтардың «Болашаққа бағдар: рухани сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақалаға және ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестерге барынша қолдау көрсетіп отырғаны  Елбасының көп жыл бойы елдің ішкі және сыртқы саясатында жүргізіп келе жатқан бағытының толайым табысын жарқын айғақтап берді. Ректор ЕҰУ-дың ғылыми-зерттеу жобалары мен жастарга берілетін ғылыми жобалау мүмкіндіктеріне де баса көңіл бөлді.

Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов өз сөзінде «Н.Ә. Назарбаев – қоғамдық сананы жаңғырту» деп аталатын блокты таныстырып, осы зерттеулердің нәтижелерін таныстыру Тұңғыш Президент Күнінің қарсаңында жасалып жатқанын, себебі қоғамдық сананы жаңғырту мен еуразиялық интеграция мәселелерін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың негізгі стратегиясынан бөле-жара қарауға болмайтынын атап өтті.

Ғ. Нығыметовтың айтуынша, жүргізілген зерттеулердің нәтижелері қоғамда өзгерістерді құптайтын халықтың қалың сегменті қалыптасқанын көрсетеді. Осы топтың алғы шебінде қалалықтар, жастар, жоғары білімді адамдар тұр. Сонымен қатар, – деп атап өтті, спикер, – қоғамда халықтың қалың тобы мен элиталық тобы арасында қазақстандық қоғамды негізгі әлеуметтік-мәдени жаңғырту бағыттарының маңызын мойындау бойынша консенсус бар екені байқалады, өйткені олар рухани және тұлғалық даму, бәсекеге қабілеттілікті өсіру, халықтың маңызды мәдени мұрасын сақтау саласындағы сұраныстарға жауап береді.

Зерттеулердің «Н.Ә. Назарбаев – еуразиялық интеграциялық процестер: жаңғырту перспективалары» деп аталатын екінші блогын Еуразиялық интеграция институты директорының орынбасары Наталья Калашникова таныстырды. Оның айтуынша, деректерге жасалған талдау қазақстандық қоғамда еліміздің Қазақстан Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Еуразиялық интеграциялық жобаға қатысуына жоғары қолдау көрсету деңгейі бар екенін көрсетті. Сонымен қатар әлемнің әйгілі саясаткерлері мен үздік әлеуметтанушылық орталықтарының Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық кеңістік пен ТМД-дағы интеграциялық саясатының көрнекті рөлі жөнінде берген бағалары да көпшілік назарына ұсынылды. Бұған қоса әлеуметтанушылық зерттеулердің басқа деректері де таныстырылды.

Таныстырылымда белгілі әлеуметтанушылар мен саяси қайраткерлер: ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова, ММУ-дың қазақстандық филиалының директоры Александр Сидорович, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков, «Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Юлия Кучинская, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Нұрсұлу Шаймерденова және басқалар спикерлік етті.

Осы іс-шараға орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың, зерттеу ұйымдарының, ғылыми-сарапшылық және әлеуметтанушылық қоғамдастықтар мен БАҚ-тың 80-нен аса өкілі қатысты. Атап айтқанда, шараның жұмысына өңірлер мен Астана және Алматы қалалары Ішкі саясат басқарламаларының өкілдері қатысты. 

Өткізілетін жері: Астана, Сәтпаев к-сі, 2., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас корпусы.

Өткізілетін уақыты: сағат 11:00 – 13:00