поддержка PHP 7

2017 жылғы 11 желтоқсанда Астана қаласында және 12 желтоқсанда Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының коммуникациялық саясаты: қазіргі жай-күйі және даму перспективалары» және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы» деп аталатын ұжымдық монографиялардың (кітаптар) таныстырылымы болады.

Монографиялар Еуразиялық интеграция институты 2017 жылы "Рухани Жаңғыру» бағдарламасына сай жүргізген кешенді әлеуметтанушылық  зерттеулерімен бірегей деректерін және қазақстандық жетекші ғалымдар мен сарапшылардың  көрсеткіштеріне, ауқымды талдау сараптамаларына сүйене отырып қамтылған.

Атап айтқанда, басылымда қазақстандықтардың әлеуметтік көңіл-күй деңгейі мен басты құндылық бағдарларын, халықтың мемлекеттік органдар қызметіне деген сенім дәрежесін, халықтың ақпарат көздерін таңдау кезінде негізінен нені абзал тұтатынын, Қазақстан халқының ЕАЭО-дағы интеграция процестерін қабылдау, Үшінші жаңғыру жөнінде білу дәрежесін анықтау жөніндегі өзекті өлшемдердің және басқа да маңызды өлшемдердің нәтижелері ұсынылатын болады.

Осы іс-шараға ҚР Парламенті депутатар, ҚР Президенті Әкімшілігінің, орталық мемлекеттік органдардың, ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері, монографиялардың авторлары мен рецензенттері қатысады.

Егер Сіздің өкілдеріңіз Астана қ-сы, Сәтпаев к-сі, 2, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кеңесінің Мәжіліс залы және Алматы қ-сы, Құрманғазы к-сі, 29, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының конференц-залы мекенжайларында сағат 15.00 – 16.30 аралығында өтетін таныстырылымдарды жазып-көрсетуде қол ұшын берсе, біз аса риза болар едік.

Back to top