поддержка PHP 7

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында, 2017 жылғы 11 желтоқсанда Астанада Еуразиялық интеграция институты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру тұрғысынан шығарған «Қазақстан Республикасының коммуникациялық саясаты: қазіргі жай-күйі және даму перспективалары» және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы» деп аталатын ұжымдық монографиялардың таныстырылымы болды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында, 2017 жылғы 11 желтоқсанда Астанада Еуразиялық интеграция институты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру тұрғысынан шығарған «Қазақстан Республикасының коммуникациялық саясаты: қазіргі жай-күйі және даму перспективалары» және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы» деп аталатын ұжымдық монографиялардың таныстырылымы болды.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың стратегиялық даму жөніндегі проректоры Серікжан Зиядаұлы Қанаев ҚР өзінің кіріспе сөзінде осы монографияларда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша ең жаңа материалдар, тұжырымдамалық мәселелер қамтылғанын тілге тиек етіп, осы еңбектердің ғылым және білім беру қоғамдастықтары үшін маңызы жоғары екенін атап өтті. Ол Университет базасында 25 ғылыми институт пен орталық жұмыс істеп, жыл сайын 100-ден аса ғылыми-зерттеу жобасы іске асырылатынын да айтты.

Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов өз сөзінде авторлар мен рецензенттерге жемісті еңбегі үшін ризашылық білдіріп, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Ержан Бабақұмаровқа кітаптармен жұмыс кезінде жалпы редакция жасап, демократияшыл басшылық стилі үшін алғыс айтты. Ол ұсынылған кітаптардың имидждік басылымдар емес, айрықша практикалық сипаты бар еңбек екенін атап өтті. Монографиялар – бұл саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы және философ мамандар арасынан құралған ғалымдар мен сарапшылардың саналуан қырлы командасының жұмысы. Бұл «синтез» кітаптардың шын мәнінде терең әрі тұтас еңбек болуына мүмкіндік берді. Олардың, әрине, қоғамдық сананы одан әрі нығайту мен ұлтты одан әрі рухани жаңарту тұрғысынан мемлекеттік қызметшілер, «Рухани жаңғыру» жобалық офистерінің, азаматтық қоғам институттарының өкілдері үшін қолданбалы маңызы бар. 

Институт директоры осы монографияларда мемлекеттің коммуникациялық және әлеуметтік саясатына оны Қазақстан қоғамының қабылдауы тұрғысынан мұқият және жан-жақты зерттеуге ұмтылыс жасалғанын ерекше атап өтті. Алғаш рет ғылыми айналымға «интеграциялық-коммуникациялық саясат» атты термин енгізіліп, оны тиімді іске асыру практикасы көрсетілді. Әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелерін нақты ұсынымдар әзірлеу үшін ашық талқылау алаңдары алғаш рет пайдаланылды. Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдаған жаңалық болып табылады. Осы монографиялардың елдің 50 ЖОО-сына әлеуметтік-гуманитарлық кафедралар мен ҚХА кафедралары үшін оқу-әдістемелік материал ретінде, сондай-ақ ұлттық кітапханалар мен олардың филиалдарына жіберілетіні бекер емес.

ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор, монографияның рецензенті Тілеуғали Қайыржанұлы Бөрібаев осы еңбектерде коммуникациялық саясатты жаңғыртуға, Еуразиялық интеграцияға, тілдік және ұлттық-мәдени саясатқа қатысты мәселелердің үлкен спектрі ашылғанын атап көрсетті.

Ұжымдық монографияның бірлескен авторы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қолданбалы зерттеулер институтының директоры, философия ғылымдарының кандидаты Жомарт Карлұлы Медеуов коммуникациялық саясаттың адамдарға жәй ақпарат  беру тұрғысындағы саясат емес, адамдарды барынша көбірек тарта отырып, шешімдер әзірлеу мен қабылдау процесінің стратегиясы екенін атап өтті. Ол «... осылайша, олар өзара келісімге келеді және бұл келісім осы шешіммен мемлекет тарапынан қатаң бақылаусыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді» деді. Оның тұжырымдауынша, Қазақстан коммуникациялық саясаттың осы бағыты бойынша біртіндеп алға жылжып барады, бұған жүргізілген зерттеу нәтижелері арқылы да, монографияларды жазу кезінде де көз жеткізілді.

Монографияның бірлесккен авторы және Еуразиялық интеграция институты директорының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, саяси ғылымдар докторы, профессор Наталья Павловна Калашникова Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Тәуелсіздік жылдарындағы құндылық капиталын жинақтай келе, Болашағы Бір Ұлтты қалыптастыруда өзіндік драйверге айналғанын атап өтті. Әлеуметтанушылық зерттеу барысында сұрау жүргізілген сарапшылардың көпшілігінің (57 %) пікірі бойынша, ғылыми зиялылар қоғамдық сананы жаңғыртудың қозғаушы күші болуға тиіс. Ол жаңғыру процестері аясындағы қазақстандық бірдейлік және халықтың құндылық бағдарлары мәселелері монографиялардың басты бөлігі болып табылады деп атап өтті. Жалпы алғанда, – деп түйіндеді ол, – ұсынылған монографиялар бұл сананы жаңғыртумен жұмыс кезінде ықтимал жағдайлар талқыланған өзіндік бір «кейс-саты» болып табылады, ал кітаптардың қолданбалы бөлігінде мұндай ықтимал жағдайлар көптеп келтірілген.

Рецензент және Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры Светлана Басиевна Кожирова осы монографиялар қазақстандық саясаттану ғылымының дамыуна елеулі үлес қосады деп атап өтті. Ол монографиялардың ерекшеліктері ішінен кітаптардың теориялық-әдіснамалық бөліктерінің сауатты жазылғанын атап өтті, бұл мұндай зерттеулерде сирек кездесетін жәйт.

Монографияның рецензенті және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяған монографиялардың практикалық маңызын атап өтті. Дегенмен, оның пікірі бойынша, халықтың құндылық бағдарлары толықтай зерттелмеген. Ол өз сөзінің соңында университеттер мен колледждерде мұндай жұмыстың аса қажет екенін атап өтті.

Ұсынылған монографиялардың маңызды екенін «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Дмитриевич Кочетов та атап өтті. Ол ғалымдар мен студенттерге аса қажет осындай кітаптар үшін Институт пен авторларға ризашылық білдіріп, осы монографияларда қоғамның құндылық ұстындарын коммуникациялық саясат арқылы жаңғыртудың ғылыми тәсілдерінің негізін қаланатынын айтты. Ол, әсіресе, әлеуметтік зерттеулердің нақты нәтижелері берілген кітаптаптардың екінші бөлігін ерекше атап өтті. Мұнда қазақстандықтардың ақпарат көздерін таңдау кезінде олардың қайсысына артықшылық беретіні, әлеуметтік желілердің маңыздылығы және басқалар жөнінде нақты жауаптар берілген.

Осы шараға ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысып, ұсынылған монографияларды талқылады. Олар осындай зерттеулерді кросс-мәдени диалог, қоғамның жаңғыру процестеріне деген көзқарасын және ең маңыздысы, қоғамдық сананың құндылық негіздерін сақтауға қазақстандықтардың тартылу деңгейін жүйелі түрде өлшеу форматында жалғастыра беру қажет екенін атап өтті.