поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

2018 жылғы 27–28 маусымда Еуразиялық интеграция институты Астана – Ұлы Дала Елордасының 20 жылдығына арналған «Ұлы астаналар – ақылды қалалар» атты Халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді.

Панелді сессиялар:

  • Астана – жалпыұлттық және әлеуметтік бірліктің бағдары (фарвартері);
  • Әлеуметтік өркендеу (бақуаттылық) және экономикалық тұрақтылық: Астана – қазақстандықтардың қаласы;
  • Елорданың тұрақты даму жолындағы жаңа технологиялар мен цифрландыру. «Ақыл-ой» орталықтарының басымдылықтары: жаңа ақиқатты құрылымдау» атты дөңгелек үстел.

Өткізу орны: Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Ақпараттық хат

Back to top