поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

Еуразиялық интеграция институты директорының орынбасары Н. П. Калашникова «ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» халықаралық форумына қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы 2018 жылғы 29–31 мамырда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г. Н. Әбдіқалықованың қатысуымен «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасын іске асырды. Еуразиялық интеграция институты директорының орынбасары Н. П. Калашникова форумның пленарлық сессиясында сөз сөйледі және студент жастармен кездесулерге қатысты, сондай-ақ тарихи зердені нығайту жөніндегі жастарға арналған жобаларды талқылау бойынша панельдік пікірталастарға қатысты.  Сонымен қатар, форум аясында 2018 жылы Ақтөбе облысында Еуразиялық интеграция институты ұйымдастыратын аймақтық коммуникативтік іс-шараларды іске асыру бойынша ынтымақтастықтың мүмкіндіктері қарастырылды.

Back to top