поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

 «Ұлы астаналар – ақылды қалалар» атты халықаралық ғылыми конференцияның қорытындысы

2018 жылғы 27-28 маусымда Еуразиялық интеграция институты (бұдан әрі – Институт) елорданың 20 жылдығына арналған «Ұлы астаналар – ақылды қалалар» атты халықаралық ғылыми конференция өткізді.

Іс-шаралар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтті және ақылды астаналар мен қалаларды дамытудың өзекті мәселелерін талқылайтын, ғылыми және сарапшылар қауымдастығы арасындағы халықаралық ақпарат алмасуды жолға қоюдың айрықша алаңына айналды.

Жетекші ғалымдар мен сарапшылар цифрландыру саласындағы жаңа инновацияларды белсенді пайдалану жағдайында жаңғырту мәселелерін қарастырып, Астанада тұрақты технологиялық орта қалыптастырудың тез дамитын процестерін, сондай-ақ шетелдердің, оның ішінде ЭЫДҰ елдерінің коммуникативтік үрдістерді дамыту саласындағы тәжірибесін талқылады.

А.ж. 27 маусым күні сағат 15.00-де Диссертациялық кеңестің мәжіліс залында іс-шара «Ақыл-ой орталықтарының» басымдықтары»: жаңа нақтылық қалыптастыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстелмен ашылды, оған қазақстандық және шетелдік жетекші ғылыми-талдау институттарының 30-дан астам өкілі қатысты.

 

Дөңгелек үстелдің мақсаты – ұлттық сананы жаңғыртудың тиімділігіне және ақыл-ой орталықтарының рөліне әсер ететін, мемлекеттік-коммуникативтік саясаттың жаңа трендтерін іске асырудыңтұжырымдамалық мәселелерін талқылау үшін ғылыми-сараптамалық диалог алаңын ұйымдастыру.

Дөңгелек үстелдің тең модераторы Институт директорының орынбасары –Жаңғырту және интеграциялық процестерді зерттеу орталығының жетекшісі Н.П.Калашникова және ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Л.Т.Нұрқатова болды.

Дөңгелек үстел барысында Еуразиялық интеграция институтының Жаңғырту және интеграциялық процестерді зерттеу орталығы қызметінің негізгі бағыттары таныстырылды. Орталық қызметінің негізгі бағыттарымен танысу жаңғыртуды және интеграциялық үдерістерді, соның ішінде ұлттық сананы жаңғыртуды зерттеудің негізгі арқауын анықтауға мүмкіндік берді.

Дөңгелек үстел сараптамалық қоғамдастықтар арасында ақылды қалаларды дамыту мен халықаралық ақпарат алмасудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған айрықша алаңға айналды.

Талқыланған мәселелер ауқымы:

1) Үлкен Еуразия;

2) Төртінші өнеркәсіптік революция;

3) Жаңа сын-қатерлержәнемүмкіндіктер: «ақыл-ой орталықтары» технологиялар мен стратегиялық коммуникацияларды қалай қолданады;

4) Цифрлық «ақыл-ой орталықтары»;

5) Қазақстандағы «ақыл-ой орталықтары»: нақтылық қалыптастыру.

Дөңгелек үстел барысында шетелдік және отандық сарапшылар талдау орталықтарының жұмысын одан әрі жақсарту үшін бірқатар ұсынымдар айтты:

  • Қоғамдық сананы жаңғыртуды іске асыру кезінде өнеркәсіптік революция мен жаһанданудың жаңа кезеңінің заманауи сын-қатерлері мен қаупіне мониторинг жасау;
  • Қоғамдық сананы жаңғыртуды ғылыми қамтамасыз етуді және сүйемелдеуді күшейту;
  • Ғылыми-зерттеу мекемелері арасында корпоративтік ынтымақтастықтың жаңа тәсілдерін әзірлеуді және енгізуді жалғастыру;
  • Нақты тақырыптар бойынша мақсатты өзара алмасу тәжірибелерін енгізу, ынтымақтастық жөніндегі Астана клубын және комиссия құру;
  • Ғылыми-зерттеу орталықтарының жүйелік мәселелерін шешу үшін жаңа тәсілдер әзірлеу (қаржыландыруды ұлғайту, сандық-кеңістіктік шоғырлануды зерттеу,әлеуметтанулық зерттеулердің бірыңғай орталығын қалыптастыру, «адами капиталды» зерттеу әдістемесін және инвестициялау жүйесін әзірлеу);
  • Менеджер-аналитиктер дайындау бойынша жеке білім беру курсын әзірлеу және енгізу.

28 маусым күні сағ. 10:30-дан бастап 12.30-ға дейін Диссертациялық кеңес залында қатысушылардың кең ауқымы атсалысқан «Астана – жалпыұлттық және әлеуметтік бірліктің фарватері», «Әлеуметтік әл-ауқат және экономикалық тұрақтылық: Астана – қазақстандықтардың қаласы» және «Жаңа технологиялар және цифрландыру елорданың орнықты дамуы жолында» тақырыптарына арналған үш панельдік трек өтті.

 

«Астана – Қазақстанның шығармашылық дамуының бірегей үлгісі», «Астана ұлттық идея ретінде», «Астана – жалпыұлттық және әлеуметтік бірліктің фарватері», «Астана қаласының дамуының нновациялық трендтері», «Astana: Beyond Economic Diplomacy», «Астананың жаңғыртылған бейнесі аясындағы жаңа технологиялар және цифрландыру –елорданың орнықты дамуының кепілі» және т.б. баяндамаларға қонақтар мен қатысушылар айрықша қызығушылық білдірді.

28 маусым күні сағ. 14:30-да Ғылыми кеңес залында «Ұлы астаналар – ақылды қалалар» конференциясының пленарлық отырысы өтті, бағдарлама аясында Астанаға арналған және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әлем картасында елорданың қалыптасуы мен дамуындағы рөлін айшықтайтын, Астананың ғаламдық бастамаларына арналған мағыналы тақырыптық баяндамалар жасалды.

 

Мереке қарсаңында Астанаға бейбітшіліктің, бірлік пен дамудың көрінісі ретінде әлемдік қоғамдастық баса назар аударуда. Еңселі елордамыз Астананың бой көтеруі – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлігі мен көрегендігінің, ерік-жігерінің жеңісі. Қатысушылардың баяндамаларына тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға, интеграциялық үдерістердің дамуына, сондай-ақ инновацияларға ашықтық пен мәдени-тарихи дамудың рөлін айшықтайтын тақырыптар арқау болды.

Конференцияда құрметті қонақтар баяндамалар жасады: Парламент депутаттары, дипломатиялық миссия өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Қазақстанның және АҚШ, Ресей, Түркия, Беларусь Республикасы, Қырғызстан елдерінің шығармашыл және ғылыми зиялы қауым өкілдері және Өзбекстанның ресми делегациясы.

ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері В.К.Божко, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Л.А.Прокопенко, АӨСШК Атқарушылық хатшылығының өкілі Н.Жалғасбаев, Өзбекстан Республикасының Министрлер кабинеті жанындағы Шетелдік мемлекеттермен ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар жөніндегі комитетінің ТМД елдерімен байланыстар бойынша бөлімінің басшысы Ф.У.Беков және т.б. өз баяндамаларында конференция қонақтарымен Астананың қалыптасу тарихы туралы қызықты фактілермен, сондай-ақ Еуразия халықтарының тату көршілігі мен бейбітшілікті нығайтудағы Астананың рөлі туралы деректермен бөлісті.

Атап айтқанда, ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері В.К.Божко атап өткендей, «әлемдік дипломатиялық лексикада «Сирияны азаматтық соғыс режімінен шығаруға бағытталған «Астана процесі» деген ұғым пайда болды.

«Елорданың 20 жылдық мерейтойын барша Қазақстан халқы тың серпінмен қарсы алады. Ол бүкіл халықтық іске айналды», – деді ҚХА Төрағасының орынбасары Л.А.Прокопенко.

 

 

Түрлі елдердің ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтарының өкілдері Р.М.Канапьянова, М.А.Можейко, Н.А.Назаров және т.б. конференцияға жаңа әзірлемелермен дайындалған мәнді баяндамаларын жиналғандар ықыласпен тыңдады.

Конференцияның пленарлық отырысында спикерлер ел астанасының қалыптасуы мен дамуы туралы бірегей тарихи фактілер мен құжаттар, жаңғырту процестеріне, әлеуметтік, мәдени және рухани трендтерге қызықты көзқарастар ұсынды.

Халықаралық ғылыми конференция аясындағы екі күндік іс-шаралар қорытындысы туралы Институт директорының орынбасары –Жаңғырту және интеграциялық процестердізерттеу орталығының жетекшісі Н.П.Калашниковасөз сөйледі. Ол өз баяндамасында конференция барысында 40-қа жуық баяндамалар мен хабарламалар жасалып, ақыл-ой талдау орталықтарын дамыту бойынша 20-дан астам ұсыныс енгізілгенін айтты.

 

Халықаралық ғылыми конференция барысында қатысушылар Еуразиялық интеграция институтына осы іс-шараны ұйымдастырғаны және ғылыми-сараптамалық алмасу алаңы ретінде ұсынып, астананың әлем картасында пайда болуы мен дамуының қазақстандық тәжірибесімен таныстырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Халықаралық конференцияға қатысушылар Қазақстан халқын және Қазақстан Республикасының Президентін Астана күнімен құттықтап, барша қазақстандықтарға сәттілік, игілік пен бақ-береке тіледі.

Екі күндік іс-шаралардың қорытындысы бойынша келесі шаралар өткізу ұсынылды:

  • Астана қаласының имиджін Тәуелсіздіктің, Ұлттың рухани жаңғыруының бас символы, барша Қазақстанның табысты дамуының драйвері ретінде одан ілгерілетуді жалғастыру;
  • Осындай құрылымдар мен орталықтардың беделін арттыру мақсатында әдіснамасын және заманауи құралдарын әзірлеу үшін мүдделі ұйымдарға талдамалық құрылымдарды, Үлкен Еуразияның «ақыл-ой орталықтарын» дамыту бойынша ұсыныстарды жалпылау және жіберу;
  • Еуразиялық интеграция институтының жаңғырту және интеграциялық процестерді зерттеулер саласында аналитикалық құрылымдар құру және дамыту тәжірибесін зерделеу;
  • Ресурстарды ұтымды пайдалануға, атқарушы билік органдарының қалалық қоғамдастықпен тығыз ынтымақтастығына кешенді даму принципін сақтаудың «ақылды қала» тұжырымдамасына сәйкес ықпал ету;
  • Ақылды астаналар мен қалаларды дамыту бойынша өзекті мәселелерді талқылауға, ғылыми және сарапшылар қауымдастығы арасындағы халықаралық ақпарат алмасуға одан әрі қолдау көрсету;
  • Ұлы дала елордасы – Астананың 20 жылдығына арналған «Ұлы астаналар – ақылды қалалар» атты халықаралық ғылыми конференцияның материалдары мен мақалаларының жинағын дайындау және шығару.

Халықаралық конференцияның қорытындысы бойынша негізгі баяндамалардың жинағын жариялау жоспарланып отыр.

Back to top