поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

2018 жылғы 18 - 20 шілде аралығында Еуразия халықтарының Ассамблеясы Бас кеңесінің шақыруы бойынша Еуразиялық интеграция институты директорының орынбасары Н.П.Калашникова қазақстандық делегация құрамында мерейтойлық іс-шараға – «Дружба народов – единство России» атты Ресей халықтары конгресі аясында ұйымдастырылған жалпыресейлік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Іс-шараға Қазақстан тарапынан ҚХА Төрағасының орынбасары В.И.Тварионас,  ҚХА-ның Мәскеудегі тұрақты өкілі Н.Е.Жанабилов, ҚР Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Е.И.Тарасенко, ҚХА мүшесі және Әйелдердің Еуразиялық альянсінің мүшесі Л.Х.Хочиева қатысты.

Аталған мерейтойлық іс-шаралар аясында қазақстандық делегация мүшелеріне (оның ішінде, ЕИИ директорының орынбасары Н.П.Калашниковаға) еуразиялық ықпалдастықты дамытуға және ынтымақ пен бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін РФ наградасы – «20 лет Ассамблеи народов России» мерекелік алтын медалі тапсырылды.

РФ Президенті жанындағы Ұлттық қатынастар жөніндегі кеңесінің, РФ Мемлекеттік Думасының Ұлттар істері бойынша комитетінің, Мәскеу Үкіметінің және РФ басқа да мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қолдауымен ұйымдастырылғанхалықаралық іс-шараларға 30 мемлекеттің өкілдері қатысты. Конгресте 20-дан астам, оның ішінде ғылым, білім беру, әлеуметтік саясат, жаңа технологиялар және Спринт (жас лидерлер үшін) технологиясы саласындағы түрлі жобалар таныстырылды.

Еуразия халықтарының Бас Ассамблеясы мүшелерінің халықаралық жобаларымен таныстырылымдары қызығушылық тудырды: «Краски Евразии» халықаралық фестивалі (Г.А.Дрюон, Еуразия халықтарының мәдениеті орталығы - ГРАЛТАН Еуропалық қауымдастығының президенті, Париж); «Біз жеңіске бірге жеттік» еске алу марафоны (Н.А. Бухонин, Ресей халықтары Ассамблеясының ұлттық спорт түрлері бойынша төрағасы); «Зов предков 2019» автошеруі (Э.Н.Ким, «Мәскеу облысы аймақтық ұлттық-мәдени автономиясы» ЖШҚ Кеңесінің төрағасы); «Измайловодағы қолөнер бұйымдарының халықаралық фестивалі» (С.А.Харитонова, «Измайловодағы вернисаж» ЖШҚ жоба жетекшісі) және т.б.

Конгрес алаңдарында МХҚМИ профессоры А.Г.Стоппемен жеке кездесу (РФ Президенті Әкімшілігі, РФ Қауіпсіздік кеңесі, Одақтық мемлекеттің тұрақты комитеті) өтті, ол Қазақстанның интеграциялық процестерді жетілдіруімен, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтумен байланысты жаңа трендтерді, Н.Ә.Назарбаевтың жоғары рөлін белсенді түрде зерттейді.

 

Атақтыресейлікғалым, РҒА ЭАИ Ұлтаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы М.Н.Губогломен кездесу одан әрі ынтымақтастық үшін жаңа перспективалар ашты. М.Н.Губогло ұлтаралық қатынастар туралы көптеген еңбектердің авторы болып табылады, сондай-ақ, «Ұлттық-мәдени автономия» туралы Заңның теңавторы. «КСРО-дағы және посткеңестік кеңістіктегі ұлттық қозғалыстар» сериясының жоба авторы және жауапты редакторы (1991-2002 жж.110 томы жарияланды).

Қазіргі уақытта М.Н.Губогло павлодарлық ғалымдармен бірлесіп, жалпы адамзаттық құндылықтарды, Абай Құнанбаев еңбектері мысалында қазақтардың философиясын зерделеу бағытындағы «Адамилық» («Человечность») халықаралық жобасын жүзеге асыруда, әлеуметтанулық зерттеулер сериясын жүргізеді. Аталған жобаны одан әрі іске асыру үшін зерттеушілік және коммуникативтік әлеуеті жоғары Еуразиялық интеграция институты ынтымақтастыққа шақырылды.

Кеңестік және ресейлік тарихшы және әлеуметтанушы, Ресей этно әлеуметтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі Л.М.Дробижева мағыналы да тартымды баяндама жасады. Ол ұлтаралық қатынастардағы тұлғалық деңгейді, этно әлеуметтік зерттеулердегі этникалық бірегейлік құрылымын зерттеудің теориясы мен әдістерін әзірлеуді бастады.

2018 жылғы 20 шілдеде Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің (РМГУ) профессор-оқытушылар құрамымен бұрын келісілген мәселелер жөнінде келіссөздер жүргізілді. Еуразиялық интеграция институты және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті (РМГУ) арасында келесі бағыттар бойынша Ынтымақтастық туралы меморандумның негізгі ережелері талқыланды:

  • халықаралық-ассоциативтік байланыстарды дамыту және кеңейту; Ресей-Қазақстан қатынастары аясында ғылыми қызметті жандандыру;
  • қазақстандық зерттеушілердің, оның ішінде ЕИИ сарапшыларының мақалаларын РМГУ Хабаршысында және Институттың басылымдарында РМГУ посткеңестік және аймақаралық зерттеулерін жариялау;
  • ЕИИ қызметкерлерін интеграцияның ғаламдық мәселелеріне және халықаралық қатынастарға арналған халықаралық жобаларға қатысуға тарту;
  • жарғылық қызметті дамыту жұмыстарына (жария сипаттағы) кіретін зерттеулермен, технологиялармен және нәтижелермен ғылыми және коммуникативтік алмасу;
  • өзара іс-қимыл және ғылыми-сараптамалық алмасудың нақты бағыттары– «Еуразиялық интеграция» және «Тарихи зерде» бойынша алгоритм әзірлеу.

РМГУ президенті, РҒА корреспондент-мүшесі Е.И.Пивоваровпен уағдаластықтарды ескере отырып, мынадай бірлескен іс-шаралар өткізу көзделді: жаңа әлеуметтанулық зерттеулер технологияларын дамытудың өзекті мәселелері бойынша онлайн-режимдегі дөңгелек үстел отырысы (2018 ж.қыркүйек-қазан); интеграциялық процестерді жаңғырту жөніндегі халықаралық конференция (2018 ж.қазан, Астана қ.); халықаралық саясаттанушылар конгресі (2018 ж.қазан, Мәскеу қ.).

Іс-шара барысында ғылыми әдебиеттер мен өзара алмасу жүргізілді: ЕИИ өкілдері ресейлік әріптестеріне 2017 жылы басылып шыққан әлеуметтанулық зерттеулердің материалдары бойынша ұжымдық монографияның электрондық нұсқаларын сыйға тартты. Өз кезегінде, РМГУ «Евразийский интеграционный проект на постсоветском пространстве. Предпосылки, становление, развитие» под общей редакцией Е. И. Пивовара, «Труды Института постсоветских и межрегиональных исследований» (выпуск 1 «Украинистика») және т.б. басылымдармен таныстырды.

Қорыта айтқанда, Еуразиялық интеграция институты өкілдерінің Ресей халықтары Ассамблеясының мерейтойлық іс-шараларына қатысуы ЕИИ жарғылық қызметіне сәйкес ғылыми-қолданбалы зерттеулерді іске асыруды қоса алғанда, халықаралық деңгейдегі өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге ықпал етті.

 

 

 

Back to top