поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

Төлеміс Бақтыбайұлы Кульмухамедов Еуразиялық интеграция институтының директоры лауазымына тағайындалды.

Т. Б. Кульмухамедов тарих және қоғамтану (саясаттану), сондай-ақ экономика және бизнес саласында жоғары білім алды. Ол 20 жылдан астам медиа саласында, оның ішінде «Новое поколение», «Экспресс-К», «Казахстанская правда», «Литер» республикалық газеттерінде, Ұлттық баспасөз клубында, «Арна Медиа» АҚ» ақпараттық холдингіде, «Время» баспасында, «Нұр-Медиа» ЖШС-де басшылық қызметтер атқарды.

Төлеміс Бақтыбайұлы 1995 жылдан бері Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор (2011–2012 жж.), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі (2014–2015 жж.), 2014 жылдан бастап «Айкикарате» ҚБ-нің Құрметті Президенті.

Back to top