поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

2018 жылғы 22 қарашада сағ. 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Еуразиялық интеграция институтымен бірлесіп Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша сарапшылық талқылау өткізді.

Талқылауға Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Еуразиялық интеграция институтының ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ іс-шараның қонақтары қатысты. Музейдің ғылыми хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Ж. Әбсеметова; музейдің археология және этнография бөлімінің ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты К. Ерғазықызы; Институттың Коммуникативтік іс-шаралар қызметінің басшысы, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты А. Ешмұратов; Институттың Жаңғырту және интеграциялық процестерін зерттеу орталығы басшысының орынбасары Д. Базаров және осы орталықтың жетекші сарапшысы Ч. Оразбеков баяндама жасады.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары Президент Н. Назарбаев ұсынған өткенімізге тарихи қайта мән беру идеяларының уақтылы және қажетті екенін айтты. Ғалымдар мен сарапшылар мақалада ұсынылған, қазақстандықтардың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған жобаларын іске асыру бойынша алдағы траекторияларды талқылады.

 

 

 

Back to top