поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

Семинар-тренинг ЭФФЕКТИВНЫЕ КОММУНИКАЦИИ, 24.04 (1)
Семинар-тренинг ЭФФЕКТИВНЫЕ КОММУНИКАЦИИ, 24.04 (2)
Семинар-тренинг ЭФФЕКТИВНЫЕ КОММУНИКАЦИИ, 24.04 (3)
Семинар-тренинг ЭФФЕКТИВНЫЕ КОММУНИКАЦИИ, 24.04 (4)
Семинар-тренинг ЭФФЕКТИВНЫЕ КОММУНИКАЦИИ, 24.04 (5)
Семинар-тренинг ЭФФЕКТИВНЫЕ КОММУНИКАЦИИ, 24.04 (6)
Семинар-тренинг ЭФФЕКТИВНЫЕ КОММУНИКАЦИИ, 24.04 (7)
Семинар-тренинг ЭФФЕКТИВНЫЕ КОММУНИКАЦИИ, 24.04 (8)
Семинар-тренинг ЭФФЕКТИВНЫЕ КОММУНИКАЦИИ, 24.04 (9)
Семинар-тренинг ЭФФЕКТИВНЫЕ КОММУНИКАЦИИ, 24.04 (10)
Семинар-тренинг ЭФФЕКТИВНЫЕ КОММУНИКАЦИИ, 24.04 (11)
Семинар-тренинг ЭФФЕКТИВНЫЕ КОММУНИКАЦИИ, 24.04 (12)
Семинар-тренинг ЭФФЕКТИВНЫЕ КОММУНИКАЦИИ, 24.04 (13)
Семинар-тренинг ЭФФЕКТИВНЫЕ КОММУНИКАЦИИ, 24.04 (14)
Семинар-тренинг ЭФФЕКТИВНЫЕ КОММУНИКАЦИИ, 24.04 (15)
DSCF6740
DSCF6750
DSCF6858
DSCF7167
DSCF7243
DSCF7256
DSCF7295
DSCF7477
DSCF7553
DSCF8118
DSCF8148
IMG_2927
IMG_3013
IMG_3026
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29

Заманауи мемлекет пен қоғамды табысты жаңартуды коммуникацияларды айқын құрусыз елестету мүмкін емес. Бұл жерде қазіргі ақпараттық сын-тегеуріндерге дұрыс жауап қайтару дағдылары, сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасында өзара қарым-қатынастар саласындағы өзекті техникаларды, тәжірибелік тәсілдер мен алгоритмдерді білу, имиджді қалыптастыру және ілгерілету, қарым-қатынас жасау психологиясы және көптеген басқа да аспектілер ерекше маңыздылыққа ие болады.

Еуразиялық интеграция институты 2019 жылғы 24 және 25 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында өткізген «Жаңғырту жағдайындағы тиімді коммуникациялар» тақырыбына арналған бір күндік тренинг-семинарлар нақты осы мәселелерге арналған болатын.

Тренерлер ретінде Жоғары Экономика Мектебі МВА бағдарламаларының оқытушысы, «Дорогая редакция» заманауи бренд-коммуникациялар агенттігінің ортақ иесі Анна Кан, психология магистрі және қазақстандық қоғам қайраткері, «Қоғамдық аудит» Серіктестік платформасының төрағасы, «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының төрағасы Мұрат Әбенов сөз сөйледі.

Мемлекеттік, квазимемлекеттік және үкіметтік емес секторлардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар заманауи коммуникативтік тенденциялар, стратегиялар және технологиялармен іс жүзінде танысты. Тәжірибелік кейстерді талқылау әлеуметтік және саяси маркетинг, брендинг,  бедел менеджменті саласындағы отандық және шетелдік тәжірибенің үйлесімін қамтыды.

Тренинг барысында Мұрат Әбенов тыңдаушыларға азаматтардың, қоғам мен бизнестің әлеуметтік желілерде жұмыс істеу арқылы қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге тартылуын кеңейтуге арналған әртүрлі құралдарды таныстырды.

Анна Кан коммуникативтік стратегиялар әзірлеудің заманауи тәсілдерін көрсетті, ұйымдар, жобалар және олардың жетекшілерінің брендін қалыптастыру және дамыту бойынша бірқатар тәжірибелік кеңес берді. Сондай-ақ, сарапшы аудиторияны қатысушыларға кәсіби қызметте көмек бере алатын, жұрт алдында сөз сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері және техникаларымен таныстырды.

Тренингтің қорытындысы қатысушылардың жоғары қызығушылығын және олардың алған білімдерін тәжірибелік қолдануға әзірлігін көрсетті.

Back to top