поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

DSCF3592
DSCF3758
DSCF3792
DSCF3836
DSCF3929
DSCF3603
DSCF3675
DSCF3693
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5 6 7 8

Нұр-Султан қаласында Еуразиялық интеграция институты ұйымдастырған «Қазақстанның әлеуметтік-саяси жаңғыруының бағдарлары» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шараға шетелдік және отандық ғалымдар мен сарапшылар, азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Конференцияны Еуразиялық Ұлттық университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі проректоры Мерзадинова Гүлнар Тынышбайқызы мен ҚР Президенті Әкімшілігінің талдау және болжау орталығы меңгерушісінің орынбасары Асылов Қуаныш Жұмабекұлы құттықтау сөздермен ашты.

Пленарлық отырыс аясында баяндамаларымен шетелдік және отандық сарапшылар сөз алды: Дзермант Алексей Валерьевич (Беларусь Республикасы) өз баяндамасын Белоруссияның әлеуметтік-саяси жаңғырту тәжірибесіне және оны еуразиялық кеңістікте қабылдау перспективаларына арнады. Ресейлік ғалым Рослякова Наталья Андреевна сөзін Ресейде ұлттық жобаларды іске асыруға негізделген аумақтарды дамытуға арналған құралдарды жаңғыртуға бағыттады. Сейт Әли Авджу (Түркия Республикасы) баяндамасында ұлт құрау кезеңінде саяси қуғын-сүргін құрбандары музейлерінің рөлін анықтауға көңіл аударса, Пунит Гаур (Үндістан Республикасы) жаңғыртудың қазақстандық моделін іске асыру тәжірибесіне үңілді.

Әбенов Мұрат Абдуламитұлы жаңғырту үрдісінде азаматтық қоғамның одан әрі дамуы туралы әңгімелесе, Пулатов Шерзод Аббозұлы Орталық Азия өңіріндегі жаңғырту өзгерістері мен Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан жылының өту барысына тоқталды.

Конференцияның үш панельдік сессиясы аясында: «Қазақстанды жаңғыртудың саяси және әлеуметтік-мәдени трендтері», «Жаңғырту күн тәртібінің өзекті мәселелері: әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік» және «Жастардың азаматтық белсенділігін арттыру: әлеует және тәуекелдер» басты пікірталастар ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Мажитов Саттар Фазылұлы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасының кеңесшісі Ахметова Айгүл Сапарғалиқызы, «Жаңару» Жалпыұлттық жемқорлыққа қарсы қозғалыс» РҚБ орталық аппаратының жетекшісі Семғалиев Мэлс Зайнуллаұлы, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ Аймақтану кафедрасының шақыртылған шетелдік (Ресей Федерациясы) профессоры Шенин Андрей Сергеевич, Әлемдік экономика және саясат институтының ғылыми қызметкері Ковязина Камила Тоғубайқызы және басқалар арасында өрбіді.

Әлеуметтік өзекті мәселелер аясында жұмыспен қамту, кедей және көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, жастар, әлеуметтік саясат тиімділігі және оларды жетілдіру жолдары туралы жан-жақты пікірталас туындады.

Конференцияның негізгі қорытындылары қандай деген сұраққе келер болсақ, Қазақстанда табыстар арасындағы алшақтық сақталуда және әлеуметтік стратификация көзге оттай басылады дер едік. Дей тұра, дамыған елдерде бұл қазақстандық деңгейден асып тұрғаны да шындық.

Қазақстан бірдей мүмкіндіктер мен қалыптастырылған әл-ауқат қоғамын құру жолында тұр. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы осыған бағытталған. Бүгіндері еліміз бұл идеяны одан әрі дамыта отырып, әлеуметтік салаға деген шығынын қомақты түрде ұлғайтуда. Әсіресе өмір сапасын жақсартуға көбірек бөлінуде.

Конференцияның кең ауқымды мәселелері өзінің кешенді жалғасын жинақта табатын болады.

Конференцияға қатысушылардың сұхбатын төмендегі сілтеме бойынша қараңыз:

 Дзермант: билік транзиті ― Беларусь пен Ресейге қазақстандық тәжірибе қажет болады ма?

https://m.sputnik.by/radio/20190528/1041319606/Dzermant-tranzit-vlasti--prigoditsya-li-kazakhstanskiy-opyt-Belarusi-i-Rossii-.html?mobile_return=no

Back to top