поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

DSCF4999
DSCF5071 (1)
DSCF5420
DSCF5483
DSCF5663
DSCF5736
IMG_6210
DSCF4967
DSCF4996
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5 6 7 8 9

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Еуразиялық интеграция институтының ұйымдастыруымен шетелдік және отандық сарапшылар арасында жаңғырту және интеграциялық үрдістерді зерттеу жобаларын талқылау бойынша «Әлемдік геостратегиялык конъюктураны трансформациялау жағдайында Қазақстанды қоғамдық-саяси жаңғырту векторлары» атты сарапшылық кездесу өтті. Іс-шарада шетелдік және отандық ғалымдар мен сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді  Еуразиялық интеграция институты Коммуникативтік іс-шаралар және визуалды жобалар орталығының жетекшісі Ешмұратов Арман Қанатұлы жүргізді.

Дөңгелек үстел аясында шетелдік және отандық сарапшылар сөз алды: Дзермант Алексей Валерьевич (Беларусь Республикасы) өз баяндамасын Қазақстан мен Беларусь елінің жаңғырту үдерістерінің ұқсас және айрықша аспектілеріне арнады. Сарапшылардың пікірінше, екі елде де конструктивті реформалардың тұрақты оң үрдісі байқалады.

Ресей ғылым академиясының ғылыми қызметкері Рослякова Наталья Андреевна стратегиялық жоспарлау құралдарын жаңғырту туралы презентация жасады, онда Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік жоспарлау жүйелерінің салыстырмалы талдау нәтижелерін ұсынды.

Авджу Сейт Али (Түркия Республикасы) ұлт құрылысындағы тарихи оқиғалардың рөліне назар аударды. Пунит Гаур (Үндістан Республикасы) Қазақстанның әлеуметтік модернизациясының нақты аспектілеріне назар аударды. Кездесуге қатысушы сарапшылардың пікірі бойынша, қазақстандық тәжірибе мемлекеттік құрылыстың теориясы мен практикасындағы жаңа қадам болып табылады және мұқият зерделеуді талап етеді.

Отандық ғалымдар және сарапшылардан Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі проректоры Мерзадинова Гүлнәр Тынышбайқызы, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары Қайдарова Әсем Серікқазықызы,  ЕҰУ-дың Саясаттану кафедрасының профессоры Калашникова Наталья Павловна, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қызмет жетекшісі Майгелдинов Қазбек Өмірзақұлы, «Жаңару» Жалпыұлттық жемқорлыққа қарсы қозғалыс» РҚБ орталық аппаратының жетекшісі Семғалиев Мэлс Зайнуллаұлы және басқалар қатысты.

Қызу пікірталас қоғамды одан әрі жаңғыртуда ұлттық бірегейлік пен бірліктің рөлі айналасында өрбіді. Еуразия елдерін модернизациялау тәсілдеріндегі негізгі ұқсастықтар мен келіспеушіліктер интеграциялық және жаңғыртуға кедергі келтіреді. Талқылау барысында сарапшылар адам капиталын дамытудың, әсіресе жас мамандарды оқытудың маңыздылығын атап өтті.

Ғалымдар елеулі факторлардың қатарына елдегі жас мамандарды түрлі жолмен сақтауды қосты. Мысалы, Авджу Сейт Али жас мамандардың эмиграциясының басты себебі ретінде төмен жалақыны атады және жұмыс күшін мұқият сүзгіден өткізіп, білікті мамандарға жоғары жалақы беруді ұсынды.

Бұдан басқа, сарапшылардың арасында Еуразия елдері арасындағы ынтымақтастықтағы классикалық және заманауи тәсілдер, сондай-ақ оларды тәжірибе алмасу үшін тұрақты платформалар құру және оларды жетілдіру жолдары талқыланды. Кездесудің соңғы бөлігінде сарапшылар Қазақстан мен Еуразия кеңістігі елдерін сәтті жаңғыртудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің рөліне тоқталды.

Іс-шара соңында модератор А. Ешмұратов мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық проблемалары туралы пікірталастың, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ұқсас салалардағы қазақстандық тәжірибені талқылау мен салыстырудың маңыздылығын атап өтті. Арман Қанатұлы мемлекеттік органдар үшін жаңғыртудың түрлі мәселелері бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар қарастырылған дүниеліктердің электронды жинағын шығару  екі ғылыми конференция мен үш сарапшылық кездесулердің басты нәтижесі болып табылатынын хабарлады.

Back to top