поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

Еуразиялық интеграция институты 2019 жылғы 29 мамырда Алматы қаласындағы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының базасында бір күндік тренинг-семинар өткізді.

Қазақстанда іске асырылып жатқан жаңғырту процестері жағдайында тиімді коммуникацияларды қалыптастырудың ерекше маңызы семинар өзектілігін анықтады.

«Первый образовательный» және «Русский мир» арналарында телебағдарламалар жүргізуші, «Останкино ТВ» Мектебінің оқытушысы, тренер, Сөйлеу имиджі мектебінің негізін қалаушы, ресей сарапшысы Ирина Бреусова және «Қоғамдық аудит» Серіктестік платформасының төрағасы, «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының төрағасы, Қазақстанның қоғам қайраткері Мұрат Әбенов тренерлер ретінде сөз сөйледі.

Мемлекеттік, квазимемлекеттік және үкіметтік емес секторлардың өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар заманауи коммуникативтік үрдістер, стратегиялар және технологиялармен іс жүзінде танысты.

Мұрат Әбенов тыңдаушыларға азаматтардың, қоғам мен бизнестің әлеуметтік желілерде жұмыс істеу арқылы қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге тартылуын кеңейтудің әртүрлі құралдарын көрсетті.

Ирина Бреусова тыңдаушыларға сөйлеу имиджі мен өзін-өзі таныстыруды коммуникациялардың табысты болуына әсерін тигізетін маңызды аспектілер ретінде құрудың ерекшеліктерін көрсетті. Тренер таныстырған техникалар мен тәсілдер қатысушылардың тікелей кәсіби қызметінде, сондай-ақ БАҚ-пен жұмысы кезінде пайдалы болады.

Сондай-ақ тренинг-семинарға қатысушылар әлеуметтік маркетинг және сөйлеу имиджі саласындағы отандық және шетелдік тәжірибеден практикалық кейстерді талқылады.

Тренингтердің қорытындысы қатысушылардың жоғары қызығушылығы мен олардың алған білімдерін іс жүзінде қолдануға әзірлігін көрсетті.

Back to top