поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

IMG_0044
IMG_7368
IMG_7534
IMG_7642
DSCF6521
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5

Еуразиялық интеграция институты орта мектеп мұғалімдері мен астана колледждерінің оқытушыларына арналған «Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында заманауи педагогтың коммуникативтік құзыреттері» тақырыбына тренинг-семинар өткізді.

Тренинг-семинардың ашылуы кезінде, бұл мамандық өкілдеріне жастардың әртүрлі проблемаларды дербес шешуге және болып жатқан өзгерістерді жылдам қабылдап, оларға бейімделу үшін қоғаммен нәтижелі өзара іс-қимыл жасауға қабілетті болуы турасындағы жауапкершілік жүктелгені жайлы айтылды.

Тренингтің ашылуында педагогтар алдында сөз сөйлегендер: Төлеміс Кульмухамедов - Еуразиялық интеграция институтының директоры және Гүлнар Мерзидинова - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми-зерттеу жұмыс жөніндегі проректоры.

Тренинг-семинар барысында қатысушылар коммуникативтік құзыреттерді дамытудың қолданбалы аспектілерімен танысты, тиімді қарым-қатынас орнату мәселелерін талқылады, қарым-қатынас жасаудағы адам психикасының заңдылықтарын іс жүзінде қарастырды.

Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Кәсіби даму орталығының  басшысы, педагогика және психология ғылымдарының докторы, тренер Талант Бөлеев тыңдаушыларға күйзеліс жағдайында жұмысты қалай құру керек екенін, тыңдау кедергілерін қалай еңсеру керектігін, күйзеліске конструктивтік сипат бере отырып, түрлендіру үшін не қажет екенін түсінуге көмектесті. Жылдам өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру техникаларын қолдану бойынша тәжірибелік жаттығуларға да, аудиторияның қызу ынтасын тудырды.

Семинар дәстүр бойынша қызған пікірталас және семинарға қатысушылар арасында нәтижелі тәжірибе алмасумен аяқталды, олар аталмыш іс-шараның жоғары тәжірибелік маңызын атап өтті және қарастырылған техникалар мен әдістерді болашақта өз кәсіби қызметтерінде қолдануға қатысты қызығушылық білдірді.

 

Back to top