поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

IMG_0443
IMG_0457
IMG_0505
IMG_0529
IMG_0555
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5

2019 жылғы 14 маусымда Өскемен қ. «Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында заманауи педагогтың коммуникативтік құзыреттері» тренинг-семинары болып өтті, ол орта мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары және кәсіби қызметі білім берумен байланысты басқа да азаматтар категориясына арнайы ұйымдастырылды.

Еуразиялық интеграция институтының директоры Төлеміс Бақтыбайұлы Кульмухамедов қатысушылар алдында сөз сөйледі, ол өз сөзінде Елбасының «білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда» деген сөзін еске салды. Сәйкесінше, жаңа формациядағы және жаңа ойлау типіндегі жас буында осы құзыреттерді қалыптастыру үшін заманауи педагог оларды алдымен өзінде дамытуы керек.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, саяси ғылымдардың кандидаты Талғат Бегімұлы Қалиев пен ресейлік бизнес-тренер, Мәскеу әлеуметтік педагогика институты Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты Лариса Анатольевна Карнацкая тренерлер ретінде қатысты.

Тренер Талғат Қалиевпен бірге тыңдаушылар қоғамдағы қарым-қатынастар эволюциясын, ақпаратты қабылдаудың өзгеріп жатқан алгоритмдерін талқылады, ол қазіргі жастармен жұмыс істеу кезінде маңызды болып табылады. Ақпарат ағындарын басқару негіздерін, кластерлеу теориясын, әлеуметтік желілер және SMM (social media marketing ағылшын сөзінен) жұмысының басты қағидаларын талқылау тыңдаушылардың жоғары қызығушылығын туғызды.

Қоғамдық сананы жаңғырту дәстүрлі құндылықты бағдарларды жаңарту әдісі ретінде, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар ортасында жаңғырту тәртібін дәріптеу әдістері қатысушылардың жұмыс пікірталасының орталығына айналды.

Ресейлік бизнес-тренер Лариса Карнацкая қатысушылармен күйзеліс-менеджмент бойынша жаңашыл практикум өткізді. Практикумға денеге бағытталған психикалық терапия және Вильгельм Райхтың бұлшықет-эмоциялық блоктар мен «мінез-құлық сауыты» жайлы ілімі негіз болды.

Ақырында тыңдаушылар тренерлермен қорытынды жасады, қарастырылған мәселелер бойынша тәжірибе және пікір алмасты. Еуразиялық интеграция институты коммуникативтік іс-шарасының тақырыптамасы мен мазмұны, оған қатысқан педагогтардың жоғары бағасына ие болды, олар қарастырылған материалдың өзектілігін атап өтті және оны жұмыс барысында қолдануға әзірліктері жайлы мәлімдеді.

Back to top