поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

IMG_0700
IMG_0714
IMG_0721
IMG_0773
IMG_0836
IMG_0844
IMG_0984
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5 6 7

 

2019 жылғы 21 маусымда Нұр-Сұлтан қ. Еуразиялық интеграция институтының ұйымдастыруымен мемлекеттік, квазимемлекеттік және үкіметтік емес секторлар өкілдеріне арналған «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту контексінде әлеуметтік жобаларды басқару» атаулы тренинг-семинар өтті.

Іс-шараны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Гүлнәр Мерзадинова ашты. Тренерлер ретінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі Ерлан Арын және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, саяси ғылымдардың кандидаты Талғат Қалиев қатысты.

Тыңдаушыларға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың салалық және өңірлік ерекшелігі көрсетілді, осы бағдарламаның жобаларына қоғамның түрлі топтарын тарту бойынша тәжірибеге талдау жүргізілді. Тренингтің ерекше бөлігі өңірлік жобалар мен бастамаларды басқару ерекшеліктеріне арналды.

Тренерлер ұсынған материал дәстүрлі құндылықты бағдарларды жаңарту әдісі ретінде қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша қызу пікірталасқа негіз болды.

Нақты кейстер үлгісімен қатысушыларға қоғамда қарым-қатынас жасау эволюциясы, әртүрлі кезеңдерде ақпаратты қабылдау алгоритмдерінің ерекшеліктері көрсетілді.  

Кластерлеу теориясының базалық негіздерін, SMM басты қағидаларын қоса алғанда, ақпарат ағындарын басқару негіздері де жиналғандардың қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар, жасөспірімдер мен жастар ортасында жаңғырту тәртібін дәріптеу сияқты маңызды тәжірибелік аспектіге көңіл бөлінді.

Іс-шара қатысушылар тарапынан оң пікірді иеленді, олар тренинг-семинардың тәжірибелік сипаты мен қызықты контентке толы болуының арқасында, өздерінің әлеуметтік жобаларды іске асыру саласындағы құзыреттерін арттыра алды, жаңғырту саласындағы халықаралық және отандық тәжірибемен танысты және оны іс жүзінде қолдану дағдыларын жетілдірді.

Back to top