поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

IMG_1083
IMG_1089
IMG_0937
IMG_0945
IMG_1145
IMG_1071
IMG_1078
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5 6 7

2019 жылдың 19 қыркүйегінде сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ конференц-залында «Қ. К. Тоқаев Президенттігі: алғашқы 100 күн – мақсаттар, қадамдар, тактика» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – Еуразиялық интеграция институты және еліміздің ғылыми-сараптамалық ұйымдары.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев бағдарының негізгі бағыттарын сараптамалық талқылау.

Дөңгелек үстел жұмысына ғылыми-сараптамалық ұйымдардың өкілдері, шетелдік және отандық ғалымдар қатысты.

Аталмыш іс-шараның модераторы саясаттанушы Е. Саиров болды.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы қызметінің әлеуметтік – экономикалық және саяси салалардағы ағымдық  нәтижелері мен бағыттары қаралды.

Е. Саиров өз сөзінде «осы 100 күн арман және азаматтар мен билік арасында позитивті диалог кезеңі болды, елдегі барлық түйінді мәселелер өзара ымыраға келу арқылы шешілу керектігі ұғынылады деген үміт оты бар. Бұл – пікірлер плюрализмі мен көзқарастар әр алуандығын үйлестірудің жаңа жүйесі қалыптасқан кезең. Қ. Тоқаевтың басты бағыты – сабақтастық және эволюциялық даму, дегенмен әлеуметтік, саяси және экономика саласында терең басымдықтар болуы керек. Осы уақыт аралығында барлық тараптардың мүддесін ескеруге негізделген қоғам мен билік арасында диалогтың жаңа векторы қалыптасып үлгерді» деді.

Ресей Федерациясынан келген сарапшы Э. Соловьев «Тоқаев Президенттігінің 100 күніндегі басты нәтиженің бірі – жұмысын  сәтті бастап кеткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру» деп түйіндеді.

Әйгілі отандық ғалым А. Чеботарев өз сөзінде былай деді: «өткен           100 күн билік транзиті тұрғысынан маңызды болды. Бұл – биліктін, басқарушы элитаның біртұтастығы мен жауапкершілігінің көрсеткіші. Мемлекеттік аппарат жаңылмай жұмыс істейді».

Саясаттанушы М. Шибутовтың айтуынша «Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің президенттік қызметін жедел, төмен старттан бастады. Оған қызметке кірісу үшін бейімделу кезеңі қажет болған жоқ. Бұл, бір жағынан,    Қ. К. Тоқаевтың басқарушылық тәжірибесі мен жоғары құзыреттілік деңгейі болса, екінші жағынан, Президент өзінің нақты және нәтижелі жұмысты көздейтінін көрсетті».

Дөңгелек үстелдің баяндамашылары арасында әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор З. К. Шаукенова; саяси ғылымдарының кандидаты Э. Г. Соловьев (Ресей Федерациясы); техникалық ғылымдар докторы, профессор Г. Т. Мерзадинова; тарих ғылымдарының докторы, профессор С. Ф. Мажитов; саясаттанушы Т. Б. Қалиев; саяси ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы А. Е. Чеботарев; саясаттанушы М. М. Шибутов; саяси ғылымдарының докторы, профессор Н. П. Калашникова; саяси ғылымдарының докторы, профессор Р.Ә. Нұртазина; PhD докторы А. Н. Оспанова және басқа да жетекші сарапшылар болды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың негізгі қызметі қоғам талабына жауап бере отырып, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту стратегиясына сәйкес келетінін атап өтті.

Back to top