поддержка PHP 7

Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңында Еуразиялық интеграция институты «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жолдауындағы басты бағыттарды сарапшылық талқылау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

IMG_2611
IMG_2633
IMG_2653
IMG_2663
IMG_2704
IMG_2768
IMG_2796
IMG_2823
IMG_2870
IMG_2838
IMG_2839
IMG_2858
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңында Еуразиялық интеграция институты «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жолдауындағы басты бағыттарды сарапшылық талқылау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің модераторы Еуразиялық интеграция институтының директоры, саясаттанушы Ерлан Сайыров болды. Дөңгелек үстел жұмысына тарих ғылымдарының докторы Бүркіт Аяған; Мәскеу қ. (РФ) Еуразиялық коммуникация орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Пилько Алексей Васильевич; саяси ғылымдардың кандидаты Нечаева Елена Леонидовна; тарих ғылымдарының кандидаты Нұрбаев Жаслан Есейұлы;  Phd докторы Жолдыбалина Алуа Серікқызы; саясатанушы Майгелдінов Қазбек Өмірзақұлы; саясаттанушы Төлегенов Бауыржан сияқты көрнекті ғалымдар, сарапшылар және саясаттанушылар, сондай-ақ ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты.

Саяси ғылымдардың кандидаты Е.Л. Нечаева, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Е. Нұрбаев, Phd докторы А.С. Жолдыбалина, PhD докторы И.С. Рыстина және тағы басқалар өз баяндамаларымен таныстырды.

Дөңгелек үстелдің модераторы Ерлан Сайыровтың айтуынша, «Президент Қ.К. Тоқаевтың Жолдауы елді әлеуметтік жаңғыртудың компасы, мемлекет пен қоғам арасында сенімділік жүйесін құрудың маңызды қадамы болып табылады».

Дөңгелек үстелге қатысушылар Президент Жолдауы уақыт талабы мен қоғамның болжалдарына сәйкес келеді деген ортақ пікірге келді. Сондай-ақ, сарапшылар Мемлекет басшысының экономикалық реформалар саяси жаңғыртусыз мүмкін болмайды деген сөзін оң қабылдады және елдің сарапшылық қауымы тарапынан жоғары қолдау тапқанын айтты. Онымен қоса, көптеген сарапшылардың пікірінше, Президент Тоқаевтың Жолдауы, оның сайлау алдындағы платформасын іске асыру аясында жүргізіп жатқан саясатының жүйелілігі мен бірізділігін көрсетті.

 

 

 

 

 

 

Back to top