поддержка PHP 7

2019 жылғы 4 қыркүйекте Еуразиялық интеграция институты өз қабырғасында «Қазақстан Республикасының Президенті           Қ. К. Тоқаевтың Жолдауындағы басым бағыттарды сарапшылық талқылау» тақырыбына сарапшылық кездесу өткізді.

IMG_2908
IMG_2917
IMG_2925
IMG_2947
IMG_2955
IMG_2980
IMG_2995
IMG_3004
IMG_3018
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5 6 7 8 9

2019 жылғы 4 қыркүйекте Еуразиялық интеграция институты өз қабырғасында «Қазақстан Республикасының Президенті           Қ. К. Тоқаевтың Жолдауындағы басым бағыттарды сарапшылық талқылау» тақырыбына сарапшылық кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың жаңа Жолдауында айтылған басты міндеттерді талқылау.

Директордың орынбасары, саясаттанушы Д. Ж. Жандильдин модератор болды, сондай-ақ сарапшылық кездесудің жұмысына саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, ғалымдар қатысты, оның ішінде, тарих ғылымдарының кандидаты А. К. Ешмұратов; саясаттанушы К. У. Майгельдинов; PhD докторы Д. Е. Базаров; PhD докторы Д. М. Айкенова; әлеуметтік ғылымдар магистрі Е. А. Руднева; әлеуметтік ғылымдар магистрі Е. Р. Аманғосов және т. б.

Модератор Д. Ж.  Жандильдин, кіріспе сөзінде, Президент осы Жолдауымен саяси маусымды ашып, елді әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңін белгілегенін айтып өтті.

Сарапшылар сөйлеген сөздің мазмұнды сипаты және пікірлердің көптігі көрсеткендей, Президенттің алғашқы Жолдауы сарапшылық қауым ғана емес, қалың бұқараның арасында да зор қызығушылық тудырды. Баяндамашылар Жолдаудың осындай ерекшелігін стратегиялық, экономикалық, саяси даму векторлары айтылып қана қоймай, жиналып қалған көкейтесті мәселелер мен оларды заң деңгейінде жүйелі түрде шешуге жеке көңіл бөлінгенімен байланыстырды.

 

 

Back to top