поддержка PHP 7

2019 жылғы 2 қыркүйекте сағат 15:00 Нұр-Сұлтан қаласының Hilton Garden Inn Astana конференц-залында «Ел Президентінің Жолдауы: әлеуметтік жаңғырту және қоғамдық эволюция бағдары» дөңгелек үстелі өтті.

IMG_2418
IMG_2434
IMG_2453
IMG_2444
IMG_2474
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5

2019 жылғы 2 қыркүйекте сағат 15:00 Нұр-Сұлтан қаласының Hilton Garden Inn Astana конференц-залында «Ел Президентінің Жолдауы: әлеуметтік жаңғырту және қоғамдық эволюция бағдары» дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті К.-Ж. К. Тоқаевтың жаңа жолдауында ұсынылған басым міндеттерді талқылау.

Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде саясаттанушы Е. Сайыров сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел жұмысына саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, ғалымдар және сарапшылар қатысты.

Саясаттанушы Е. Сайыров атап айтқандай «Президент К.-Ж. К. Токаевтың жолдауы елді әлеуметтік жаңғырту бағдары, мемлекет және қоғам арасындағы сенімділік жүйесінің маңызды қадамы болып табылады.»

Атақты саясаттанушы Б. Абдығалидің айтуы бойынша, Президенттің жолдауында қоғамның сенімділігін арттыратын және келешекке үміт беретін көптеген аспектілер бар. Сондай-ақ саясаттанушы С. Нұрбек Президент К.-Ж. Токаевтың жолдауы келешекте Қазақстанды дамытуда маңызды рөл алатынын және осы Жолдауды басшылыққа ала отырып, біз бұдан әрі қоғамды жаңғыртуда үлкен жетістіктерге жетеміз деп атап айтты.

Баяндамашы ретінде: «Қоғамдық аудит» Серіктестік Платформасының төрағасы, «Серпін» ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы М. А. Әбенов, саясаттанушы А. А.  Сарым; Қазақстан Республикасының Ұлттық Архиві «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы, саясаттанушы Б. Абдығалиұлы; Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, саясаттанушы Т. Б. Қалиев; BTSDigital білім жобаларының басшысы, саясаттанушы Нурбек Саясат; Қазақстандық блогерлер альясының президенті Г. С. Байтүк; Sayasat.org. интернет-баспасының шеф-редакторы Б. Төлегенов және басқа елдің атақты саясаттанушылары сөз сөйледі.

Back to top