поддержка PHP 7

2019 жылғы 17 қыркүйекте сағ. 10:00-де Түркістан облысы Жастар Ресурстық орталығында «Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың халыққа Жолдауы: әлеуметтік және қоғамдық жаңару бағыты» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

2019 жылғы 17 қыркүйекте сағ. 10:00-де Түркістан облысы Жастар Ресурстық орталығында «Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың халыққа Жолдауы: әлеуметтік және қоғамдық жаңару бағыты» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – Еуразиялық интеграция институты және елдің ғылыми-сарапшылық ұйымдары.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев бағдарының негізгі бағыттарын сарапшылық талқылау.

Дөңгелек үстел жұмысына ғылыми-сарапшылық ұйымдардың өкілдері, шетелдік және отандық ғалымдар қатысты.

Аталмыш іс-шараның модераторы саясаттанушы Е. Саиров болды.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы қызметінің әлеуметтік және саяси салалардағы қазіргі нәтижелері мен бағыттары қаралды.

Е. Саиров өз сөзінде былай деді: «осы 100 күн күмән, арман және азаматтар мен билік арасында позитивтік диалог орнайды, барлық түйінді мәселелер өзара ымыраға келу арқылы шешілу керек деген түсінік қалыптасады деген үміттер кезеңі болды. Бұл кезең пікірлер плюрализмі мен көзқарастар көптігін үйлестірудің жаңа жүйесі қалыптасқан кезең болды. Қ. Тоқаевтың басты бағыты – бұл жалғастырушылық және эволюциялық даму, дегенмен әлеуметтік, саяси және экономика саласында терең басымдықтар болуы керек. Осы уақытта, қоғам мен билік арасында, барлық тараптардың мүддесін сақтау негізіндегі диалогтың жаңа векторы қалыптасып үлгерді».

Қазақстандық саясаттанушы А. Сарым «соңғы 100 күн ішінде Президент Қ. Тоқаев ішкі саяси күн тәртібінің негізгі қағидаттарын - диалогты, ашықтықты, балама пікірді мойындауды атап өтті. Оның күн тәртібінің формулалары: «әр түрлі пікірлер - біртұтас ұлт», «ескі мәселелердің жаңа шешімдері», «саяси жаңғыртусыз экономикалық реформалар мүмкін емес».

Ресей Федерациясынан келген сарапшы Э. Соловьев айтқандай, «Тоқаев Президентігінің 100 күніндегі басты нәтиженің бірі, жұмысын сәтті бастап кеткен, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру болып табылады.

Әйгілі отандық ғалым А. Чеботарев өз сөзінде былай деді: «өткен 100 күн билік транзиті тұрғысынан маңызды болды. Онысымен билік, басқарушы элита өзінің бүтіндігі мен міндеттілігін көрсетті. Мемлекеттік аппарат тоқтаусыз жұмыс істейді».

Саясаттанушы М. Шибутовтың айтуынша, «Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің президенттік қызметін ұзақ ырғалусыз, төмен старттан бастады. Оған қызметке кірісу үшін бейімделу кезеңі қажет болған жоқ. Бұл, бір жағынан, Қ. К. Тоқаевтың басқарушылық тәжірибесі мен жоғары құзыреттілік деңгейі болса, екінші жағынан, Президент өзінің нақты және нәтижелі жұмысты көздейтінін көрсетті».

Дөңгелек үстелдің баяндамашылары арасында: әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор З. К. Шаукенова; саяси ғылымдарының кандидаты Э. Г. Соловьев (Ресей Федерациясы); техникалық ғылымдар докторы, профессор Г. Т. Мерзадинова; тарих ғылымдарының докторы, профессор С. Ф. Мажитов; саясаттанушы Т. Б. Қалиев; саяси ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы А. Е. Чеботарев; саясаттанушы А. Сарым; саясаттанушы М. М. Шибутов; саясаттанушы Р. Кенжехан; саяси ғылымдарының докторы, профессор Н. П. Калашникова; саяси ғылымдарының докторы, профессор Р.Ә. Нұртазина; PhD докторы А. Н. Оспанова және басқа да жетекші сарапшылар болды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың негізгі қызметі қоғам мүдделеріне сәйкес келетінін және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту стратегиясына сәйкес келетіндігін атап өтті.

Back to top