поддержка PHP 7

2019 жылғы 4 қазанда, сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қ. Оқушылар сарайының конференц-залында Ұстаздар күніне арналған «Президент Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: мұғалімнің әлеуметтік рөлін арттыру аспекті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

IMG_3671
IMG_3680
IMG_3684
IMG_3674
IMG_3699
IMG_3707
IMG_3712
IMG_3685
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5 6 7 8

 2019 жылғы 4 қазанда, сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қ. Оқушылар сарайының конференц-залында Ұстаздар күніне арналған «Президент Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: мұғалімнің әлеуметтік рөлін арттыру аспекті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Еуразиялық интеграция институты болып табылады.

Дөңгелек үстелдің модераторы саясаттанушы Е. Саиров болды.

Өзекті мәселелерді талқылауға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қ. білім беру ұйымдарының оқытушылар құрамы және т.б. қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында білім беру саласында қойылған міндеттерді жүзеге асыру, азаматтық сана-сезімді қалыптастыру, педагогтің парадигмасын дамыту және т. б. бойынша мемлекет, қоғам және кәсіби қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау бойынша сындарлы диалог өтті.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойған білім беру сапасын және ғылыми зерттеулер деңгейін тәжірибеде қолдана отырып арттыру жөніндегі міндеті - бұл әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңінде ұлттың ілгерілеуін қамтамасыз етуге бағытталған өте маңызды және елеулі бағыт екені жайлы айтылды.

Өз кезегінде, Е. Саиров «Мемлекет басшысының Жолдауы елдегі әлеуметтік-саяси процестердің негізгі элементі және қоғамдық болмыстың жұмсақ жаңартылуы» екенін баса айтты.

Е. Саировтың айтуынша, «Президент Қ. К. Тоқаев Мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде педагогтардың әлеуметтік мәртебесін көтеру деп белгіледі. Әлем өзгеруде, біздің дүниетануымыздың технологиялық құрылыс алмасуда. Мұғалім осы кезеннің басты тұлғасы айналуда. Қскелен ұрпақтың дүниетануымын мұғалім қалыптастырады. Мұғалім рухани және технологиялық өзгерістердің ең маңызды болуы қажет.

Қатысушылар тарапынан «Педагогтардың мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша сұрақтар үлкен қызығушылық тудырды: мұғалім құқығын кеңейту, білім беру жүктемесін төмендету, материалдық/материалдық емес ынталандыру, білім беру жүйесін жетілдіру және т.б.

Білім беру бүгінгі таңда ашықтық, жасампаздық, әртүрлілік, әртараптандыру, стратегиялар мен тәжірибелер плюрализмі сияқты сипаттамаларға баса назар аударады.

Педагогтар Мемлекет басшысының мұғалім мәртебесін арттыру қажетдеген ұсынысың жоғары бағалады. Жастардың білім сапасы мұғалімнің еңбегіне байланысты. Демек, адам капиталының сапасы да. Мұғалімдердің педагогикалық дағдыларының деңгейін арттыру, жаңа әдістерді, үздік тәжірибелерді меңгеруге ұмтылу қажет.

А. Г. Вагапова айтып өткендей: «педагогтар қызмет көрсетпейді, олар балаға ересек өмірге жетелейтін карта ретінде қолданатын әлемнің суретін құруға көмектеседі. Егер бұл біздің білім беру жүйесінің ұранына айналса, онда жақын уақытта, ол мәртебесі әдепкі бойынша жоғары болатын мұғалімдерге толыға түседі».

Дөңгелек үстелге қатысушылар: Р. А. Беғари, ҚР Білім және ғылым вице-министрі; Е.Б. Нұрланов, гуманитарлық колледждің директоры; А.Е. Шаяхметова, № 66 мектеп-лицейінің директоры; Л.А. Саинова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының директоры; А.М. Мұқашева, Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары; А.М. Сәдуақасова, №6 гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; А.Г. Вагапова, Қазақстан мектепке дейінгі ұйымдар ассоциациясы филиалының басшысы; Д.Р. Смақова, №71 мектеп-лицейі тарих пәнінің мұғалімі және т.б.

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеудің маңызды сипаты ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың бірінші Жолдауы білім беру жүйесі өкілдерінің қызығушылығын тудырғанын көрсетті.

Бұл заңдылық, өйткені заманауи отандық білім беру жүйесінде әлі де көптеген проблемалар бар. Жалпы білім беру жүйесінің табысты дамуы солардың шешілуіне байланысты болады. Қоғамға білімді, өз бетінше ойлайтын, негізделген шешімдерді жедел қабылдай алатын адамдар қажет.

Жақында ғана әлеуметтік сала мен экономикада белгілі бір қиындықтарға тап болған көптеген елдердің тәжірибесі білім, ғылым саласына назар аудару экономиканың табысты серпіні мен ұлттық табыстың артуына серпін беретінін көрсетті.

Back to top