поддержка PHP 7

2019 жылғы 31 қазанда «Қазақстан» ОКЗ мәжіліс залында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет – тұрақты қоғам» семинар-кеңес өткізілді.

IMG_3869
IMG_3880
IMG_3884
IMG_3900
IMG_3949
IMG_3928
IMG_3990
IMG_3851
IMG_3984
IMG_3981
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

2019 жылғы 31 қазанда «Қазақстан» ОКЗ мәжіліс залында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет – тұрақты қоғам» семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі және Еуразиялық интеграция институты.  

Семинар-кеңестің модераторы саясаттанушы Е. Саиров болды.

Іс-шараға облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің аппарат басшыларының орынбасарлары, азаматтардың өтініштерін қарау жұмысына жауапты тұлғалар, ҚР Бас прокуратурасының өкілдері, белгілі саясаттанушылар мен блогерлер қатысты. Өтініштерді өңдеу процесінде көтерілген мәселелерді шешу және оларға жауап дайындау барысында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының өзекті мәселелері қаралды. Іс-шара «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында өтті.      

А.Ғ. Балаева айтып өткендей, «Мемлекет басшысы халықты мемлекеттік құрылыс процесіне тарту мақсатымен азаматтық қоғамды қолдау және нығайту қажеттігін белгіледі. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізу жедел әрекет етуге және азаматтардың барлық өтініштерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Әрбір келіп түскен өтінішті сапалы өңдеп отыру маңызды. Қазақстандықтарға қолданыстағы бағдарламалар мен мемлекеттік органдар жүргізіп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты түсінікті тілмен белсенді түрде түсіндіру керек».

А. Ибраевтың айтуынша, «Бас прокуратура және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау департаментімен бірлесіп мемлекеттік органдардағы және квазимемлекеттік сектордағы өтініштермен жұмыс жасау бойынша Нұсқаулықтың Жобасы әзірленді. Жобада 

өтініштерді қабылдау, тіркеу, есепке  алу және қарастыру процедуралары нақтыланған. Жеке қабылдауды өткізу тәртібі және өтініштерді сараптау жұмысы регламенттелген».

Қоғам қайраткері М.А. Әбеновтың айтуынша, біздің шенеуніктер - шын мәнінде жалдамалы менеджерлер болып табылады және олар осыны ұмытпауы керек. Сондықтан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың мүдделері мен мұқтаждықтарын тиісті түрде шешуге бағытталған. Бұл тұжырымдаманы іске асыру механизмдері әртүрлі болуы мүмкін, ең бастысы, олар ашық болуы тиіс. Адамдар қаражаттың неге жұмсалып жатқанын көруі керек. Білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау салаларындағы барлық шығындар түсінікті және айқын болуға тиіс.

Е.Б. Саиров келесіні атам өтті: «ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы ел дамуындағы жаңа дәуірдің бастауы болды. Әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі негізгі мәселелерді шешуге азаматтық қатысу механизмін іс жүзінде орындауға мүмкіндік береді деп санаймын. Қазақстанның ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығы елдің табиғи байлықтарымен, ғылыми негізделген ұзақ мерзімді стратегиямен ғана емес, сонымен қатар осыдан туындайтын ынтымақтастық пен азаматтық жауапкершілік факторларымен айқындалады».

Семинар-кеңеске қатысушылар азаматтардың өтініштерін тиімді шешудің маңыздылығын атап өтті және уәкілетті органдарды «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясын іске асыруға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Back to top