поддержка PHP 7

2019 жылғы 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында «Президент Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: алғашқы нәтижелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

_SCK6478
_SCK6482
_SCK6508
_SCK6544
IMG_4019
IMG_4115
IMG_6804
IMG_4268
IMG_4352
IMG_4365
IMG_6602
IMG_6640
IMG_6608
IMG_6651
IMG_6768
IMG_6792
IMG_4320
IMG_4412
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18

2019 жылғы 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында «Президент Қ. К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: алғашқы нәтижелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция аясында алғашқы қорытындылар, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері қаралды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев өзінің құттықтау сөзінде саяси тұрақтылық, ұлттық қауіпсіздік және ел азаматтары алдындағы биліктің жауапкершілігін арттыру Мемлекет басшысы саясатының негізгі бағыттары болып табылатынын атап өтті. «Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Президенті Қ. К. Тоқаев Қазақстанның эволюциялық, үздіксіз және құзыретті өзгерістер жолымен нағыз «әлеуметтік мемлекет» болуға ұмтылысын айқындады. Сондай-ақ Дархан Кәлетаев Президенттің ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін билік пен қоғамның тұрақты диалогын құру негізінде жатыр» деп атап өтті.

Конференцияның пленарлық отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сөз сөйледі. Спикерлер өз баяндамаларында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша министрліктердің жұмыс нәтижелерін баяндады.

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өз сөзінде елдің инвестициялық тартымдылығына әсер еткен экономикадағы негізгі көрсеткіштер мен тұрақты оң динамика туралы хабарлады.

Тұжырымдамалық мәселелерді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қозғап, Жолдауда мұғалімнің құзыреттілігі мен кәсіби қызметінің деңгейімен тығыз байланысты білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін тілге тиек етті. «Білім деңгейі жоғары кәсіби кадрлар елдің зияткерлік әлеуетінің негізі болып табылады», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, А. Аймағамбетов «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Конференцияның модераторы – Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров өз сөзінде қоғамда жағымды жаңғыртылған көңіл-күйдің деңгейі өсіп келе жатқанын, ел Президентіне сенім мен түсіністік бар екенін атап өтті. Пікір плюрализмінің жаңа идеялары және көзқарастар алуан түрлілігі қоғамдық дамудың басты бағыты болып табылады.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова Жолдау қоғамдық санада идеялық-құндылық бейнесін қалыптастыруға бағытталған бағдарламалық құжат болып табылатынын жеткізді.

Конференция аясында «Саяси жаңғырту: әр түрлі пікірлер – бір ұлт» тақырыбында дөңгелек үстел және «Тұрақты әлеуметтік даму – мықты мемлекет» панельдік сессиясы өткізілді.

Сондай-ақ, конференцияның спикерлері: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжан Жамалов, Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрағасы Жаннат Ертілесова, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбеков, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркіт Аяған, саясаттанушы Марат Шибутов, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының директоры Александр Сидорович, саясаттанушы А. Сарым, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Жанар Тулиндинова және басқалар сөз сөйледі.

Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, Қазақстанның ғылыми-сараптамалық қауымдастығының 80-нен астам өкілдері қатысты.

Конференцияның ұйымдастырушылары Еуразиялық интеграция институты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі болды.

Back to top