поддержка PHP 7
IMG_7021
_SCK1022
IMG_6950
IMG_7029
IMG_6990
IMG_6965
IMG_7082
_SCK0880
_SCK0892
IMG_7086
_SCK0907
_SCK0911
_SCK0915
_SCK1007
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14

2020 жылы 12 ақпанда, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» конференц-залында, Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған, «Ұлттық кеңес. Ұлтық ынтымақ пен ықпалдастық аясындағы Абай тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Еуразиялық интеграция институты және ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі».

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Абай мұрасының маңызы, Ұлы ойшылдың ілімінің бүгінгі қоғамдық трансформацияға әсері, «Толық адам» концепциясының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының аясында диалогты жетілдіру мәселелері, өткізілетін реформалар курсын іске асыру талқыланды.

Шараға мемлекеттік органдар мен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық сенім кеңесінің мүшелері, ғалымдар және сарапшылар қатысты.

Аталмыш шараның модераторы ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі, саясаттанушы Е. Саиров болды.

Саясаттанушы Е. Саиров өз баяндамасында, еліміздегі жаңғыру процесі халықтың рухани жандануымен байланысты екендігін атап өтті. Президент өзінің «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» бағдарламалық мақаласында, елдің әлеуметтік жаңғыру процесінде Абайдың бай мұрасы өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ деп баса айтқан болатын. Абай Құнанбаев тағылымы қазақ халқының рухани өмірінде маңызды орын алады, ал оның данышпандығы қазіргі заманмен үндес.

«Серпін» білім және инновация Ұлттық палатасының президенті, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі М. А. Әбенов өз сөзінде: «біртуар ақын, ағартушы, фәлсафашы-гуманист Абай Құнанбаев қазақ халқының рухани-мәдени қалыптасуында айрықша орын алады». Ұлы ағартушы өз шығармашылығында ағарту, мейірім, қайырымдылық, еңбек, мақсатқа жету сияқты ұғымдарға негіз болып табылатын прогрессивті құндылық бағыттарына сүйенді. Абай шығармалары еліміздің ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын ұлттық жетістігі болып табылады» деді.

Қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі                                 С. Р. Құттықадамның пікірінше: құрылған ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қалың жұртшылықты диалогқа үндейтін консультативтік-кеңесуші орган және осының арқасында бүгінде мемлекеттік коммуникативтік саясаттың жаңа бағыты қалыптасуда, тиімді реформаларды одан әрі жүргізу үшін өзекті жаңа ақпараттық арнасы жетілдіріліп отыр.

Сонымен қатар дөңгелек үстелдің жұмысына қатысқандар: Сайлаубай Е. Е. – «Абай академиясы» ҒЗИ директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент; Қалиев Т. Б. – ҚР Президенті жанындағы ОКҚ директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі; аймұхамбет Ж. Ә. – Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы; Тайжан М. Б.қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі, экономика  ғылымдарының кандидаты; Тұрысбек Р. С. – Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор; Дүйсен С. Ж. – ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті, Мемлекеттік тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты; Мұқибек А. – қоғам қайраткері, «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауының консультанты; Серікбаев Б. С. – саясаттанушы, блогер.

 

Back to top