поддержка PHP 7
IMG_7162
IMG_7348
IMG_7341
IMG_7354
IMG_7367
IMG_7358
IMG_7178
IMG_7173
IMG_7377
IMG_7193
IMG_7202
IMG_7261
IMG_7211
IMG_7229
IMG_7292
IMG_7307
IMG_7332
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17

2020 жылы 17 ақпанда, сағат 11:00-де Еуразиялық интеграция институтында «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: талдамалық зерделеу» сараптамалық баяндамасының тұсаукесері өтті.

Баяндаманың тұсаукесерін Институт директоры, саясаттанушы Е.Саиров жасады. Өз сөзінде ол мақсаты Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (бұдан әрі – Ұлттық кеңес) жұмысының шынайы бағасын беретін зерттеу тақырыбының маңыздылығына тоқталып өтті. Оның ойынша бұл өте маңызды, себебі Ұлттық кеңес арқылы Президент Қ.К. Тоқаев мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім шеңберін кеңейтуге, сондай-ақ кең диалогты ұйымдастырудың аясында шешім қабылдауда қоғамның рөлін күшейтуге, осы арқылы қазақстандық социумның саяси маңызын арттыруға тырысуда.

Осылайша, Ұлттық кеңес мемлекет пен қоғамның барлық өмір салаларын реформалауда шоғырланған шешімдерді жасаушы құралға айналуды.

Баяндамада Ұлттық кеңестің қалыптасуының негізгі кезеңдері көрсетілген, бұған дейінгі диалог алаңдарынан ерекшеліктері мен айырмашылықтары ұсынылған, оқиғалардың хронологиялық дамуы жасақталған, сондай-ақ әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері берілген.

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңес мүшесі М. Әбенов атап өткендей Ұлттық кеңестің қалыптасуында басты рөлді, қызметіне идеологиялық мазмұн мен мен қарқын берген Президент Қ.  Тоқаев ойнайды. Ұлттық кеңестің идеологиялық тұғырнамасын келесідегідей қағидаттар құрайды: Қазақстанның жаңа саяси мәдениетінң негізін қалыптастыратын баламалы пікір, эволюциялық және ілгерілемелі даму қағидаттары.

Іс-шараға ҰҚСК мүшелері – Т. Б. Қалиев, К. Т. Арыстанбеков,                    А. С. Әмиртаев, ҚСЗИ өкілдері  – М. М. Нұрғалиева, А. С. Жолдыбалина,          А. Қ. Назарбетова, Ж. Қ. Тулиндинова, "Жастар" ҒЗО директоры                             Б. М. Құсманғали қатысты.

Back to top