поддержка PHP 7
IMG_7403
IMG_7426
IMG_7424
IMG_7428
Previous Next Play Pause
1 2 3 4

2020 жылғы ақпан айының 21-і күні сағат 15:00-де Қарағанды қаласындағы Достық үйінде «Ұлттық кеңес: әлеуметтік модернизация күн тәртібі» атты сарапшылар кездесуі өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы – Еуразиялық интеграция институты мен Қарағанды облысы әкімдігі.

Сарапшылар кездесуінің мақсаты – елдің дамуы мен әлеуметтік модернизация мәселелерін талқылау, сонымен қатар қоғамдық институттарды одан әрмен дамыту үшін ұсыныстар тізбесін жасау.

Сарапшылар жұмысына мемлекеттік органдар, МЕҰ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері (Одан әрмен – ҰҚСК), ғалымдар, журналистер мен блогерлер қатысты.

Аталған іс-шараның модераторы ҰҚСК-нің мүшесі, Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров болды.

Қарағанды облысы әкімінің орныбасары Абзал Нүкенов өз құттықтау сөзінде әлемдік тарихта мемлекетті жоғары бәсекеге қабілетті деңгейге  жеткізген көптеген сәтті модернизациялардың болғандығын, осыған орай нақты басымдықтар мен даму механизмдерін анықтау қажеттігін атап өтті. Абзал Нүкеновтың ойынша Қазақстандағы модернизация процесі жаhандық әлеуметтік-экономикалық, ақпараттық трансформациялық шарттарда өтіп жатыр. Осыған орай қойылған алға қойылған мақсатттарға жету үшін қоғамды жұмылдыру қажет.

Сарапшылар кездесуі барысында Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров, сәтті әлеуметтік модернизация мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы коммуникация тиісті деңгейде болмай мүмкін емес деген өз ойын жеткізді.

Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Әлия Ғалымова ҰҚСК-нің азаматтық қоғамды дамыту мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын іске асырудағы ерекше рөлін атап өтті. Оның ойынша елдегі заманауй процестер қоғамды дамытудың тұрақты моделін іздеуді талап етеді. Ал оны құру азаматтық  бастамаларды есепке алмай мүмкін емес.

ҰҚСК-сі мүшесі Азаматхан Әміртаев өз сөзінде жаңғыру мәселелері барлық мемлекеттік бағдарламалардың өзекті бағдарына айналғанын атап өтті. Ол басты назарды Қазақстан президентінің халыққа жолдауында көрсетілген елді жаңғыртудың кешенді шараларына аударды.

                Қарағанды облысы кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина қазіргі қалыптасқан еңбек қатынастарының өзгеретініне сенім білдірді. Оның ойынша әлеуметтік модернизация жұмысшыға деген қатынастың түбегейлі өзгеруінсіз мүмкін емес. Кәсіподақ жетекшісі елдегі кәсіподақ ұйымдарын нығайту үшін қазіргі еңбек қатынастарын реттейтін қолданыстағы заңдарды тұрақты жетілдіріп отыру қажеттігін атап өтті.

         Сарапшылар кездесуінде өз ұсыныстарын айтқандар: Омарова Б. К. – журналист, «101 TV» Youtube каналының жүргізушісі; Садырбаева А. Б. – қоғам қайраткері, блогер;   Хамитов Е. Б. – «Nur Otan» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты филиалының төрағасы; Сыздық Б. К. – «Болашақ» Академиясының профессоры, Фазылов А. Ф. – қоғам қайраткері және блогер, сонымен қатар өзге де ғалымдар мен сарапшылар.

Back to top