поддержка PHP 7
IMG_7517
IMG_7493
IMG_7489
IMG_7584
IMG_7603
IMG_7677
IMG_7701
IMG_7733
IMG_7776
IMG_7824
IMG_7457
IMG_7870
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

2020 жылдың 28 ақпан күні 11:00-де Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» «Ұлттық кеңес: қоғамдық келісімді қайта жандандыру» атты пікірталас клубтың отырысы болып өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Еуразиялық интеграция институты мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ.

Диалог алаңының мақсаты – әлеуметтік жандандырудың өзекті проблемалары мен жүргізіліп жатқан реформалардың бағытын талқылау, сонымен қатар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында диалогты одан әрі жетілдіру мақсатында ұсыныстар әзірлеу.

Пікірталас клубтың отырысына мемлекеттік орган өкілдері, ҮЕҰ, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері (әрмен қарай - ҰҚСК), Отандық ғалымдар, сарапшылар мен блогерлер қатысты.

Іс-шараның модераторы ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК-нің мүшесі Е.Саиров болды.

Саясаттанушы Е. Саиров құттықтау сөзінде заманауи әлемдік практикада келіссөз алаңдары саяси процестерді іске асырудың эффективті механизмі екенін, Президент Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен құрылған ҰҚСК бірегей диалогтық тәжірибе және мемлекеттік байланыс саясатын дамытуда жаңа кезеңді қалыптастырғанын атап өтті.

Танымал саясаттанушы А. Сарым өз сөзінде ҰҚСК мемлекет пен халықтың, билік пен азаматтардың арасында диалог орнату үшін маңызды алаң екенін атап өтті. Сонымен қатар ол қоғамдық келісім жаңа шарттардағы сапалы өсім мен өркендеу үшін экономика, адам құқығы салаларында өзгерістерге түсу керектігіне тоқталды. Жаңа шарттар мемлекеттік басқару саласында да үлкен ашықтық пен бәсекенің өсуін талап етеді. Қоғамды жандандыру үшін азаматтық бейбітшілік пен сапалы өмір қажет.

Қазақстан блогерлер альянсының президенті Ғ. Байтук Ұлттық кеңестің пайда болуы мемлекет пен қоғам арасындағы диалогқа деген қажеттіліктен туындағанын, елдегі әлеуметтік қайшылықтарды шешуге шақыратынын айтты. Қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу елдегі барлық әлеуметтік топтардың белсенді қатысуынсыз іске асыру мүмкін еместігін атап өтті.

Іс-шарада сонымен қатар экономикалық саясат институтының президенті, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі – Қ.Т. Арыстанбеков; ҚР Президенті жанындағы ОКҚ директоры, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі –                 Т. Б. Қалиев; ҚР тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары – Б. М. Каипова; ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің ғылыми хатшысы –       А. Ж. Ғабдуллина; ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің  бас ғылыми қызметкері – Н. С. Лапин; ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесі ғылыми-ақпараттық бөлімінің жетекшісі -  Ж. Н. Қалиев; ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің бас ғылыми қызметкері – М. Ш. Қалиева; «Team Qazaqstan» жастар қозғалысының көшбасшысы, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі – А. М. Садырбай; «Астана» университетенің проректоры – Б. Ж. Сомжүрек; «Молодежь» ғылыми зерттеу институтының директоры – Г. М. Құсманғали; ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі – А. С. Жолдыбалина;                  Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының меңгерушісі PhD -           И. С. Рыстина; Әлемдік экономика және саясат Институтының сыртқы саясат бойынша сарапшысы – Ж. А. Сарабекова; Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аймақтану кафедрасының меңгерушісі – А. Н. Оспанова; «Атамекен» бизнес-каналының журналисті - Е. Күнтуғанқызы; журналист, блогер – А. Жұқанұлы; блогер – Д. Аспан және өзге де сарапшылар, ғалымдар мен блогерлер болды.

Back to top