поддержка PHP 7

Құрметті әріптестер!

Еуразиялық интеграция институты 26 наурызда жоспарланған «Қазақстанды жаңғыртудағы қоғамдық сенім: хал-ахуалы мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми конференцияның қатысушыларына ДДҰ коронавирусты пандемия жариялағанына байланысты елімізде бұқаралық іс-шараларды өткізілуіне тыйым салынғанын хабарлайды.

Осы жағдай және іс-шараға қатысушылардың денсаулығына айрықша күтімді басшылыққа ала отырып, Сізге, конференция өтетін күні неғұрлым қолайлы жағдай орнаған уақытқа дейін ауыстырылғанын жеткіземіз.

Нақты уақыты мен орны туралы қосымша хабарланады.

Сонымен бірге, Сізге мақалаларды қабылдау жалғасатынын хабарлаймыз.

Еуразиялық интеграция институтының ұжымы конференцияға барлық жарияланған қатысушыларға, сондай-ақ коронавирусқа тап болған адамдарға денсаулық, шыдамдылық пен адамзаттың ауруды жеңу қабілетіне деген сенім және рухани ізгілікті сақтауды тілейді.

Сізді Жаратқан мен жаңа сын-тегеурінге жауап іздейтін ізденімпаз адамзаттың ақыл-ойы сақтасын.

Back to top