поддержка PHP 7

2020 жылғы 24 желтоқсанда сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразиялық интеграция институтында «Тұрақсыз әлемдегі тұрақты мемлекет: Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы басты жеті ісі» баяндамасының тұсаукесері өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушы - Еуразиялық интеграция институты.

Іс-шараның мақсаты - еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі жыл қорытындыларын сараптамалық талқылау.

Тұсаукесерге отандық ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Қ.К. Тоқаевтың басты жеті ісі (презентацияға сілтеме)

Іс-шараның модераторы саясаттанушы, саяси ғылымдар кандидаты Ерлан Саиров болды. Ол «Тұрақсыз әлемдегі тұрақты мемлекет: Тоқаевтың 2020 жылғы жеті басты ісі» баяндамасын таныстырды. Баяндамада келесі бағыттар қарастырылды: саяси бағыттың сабақтастығы, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүргізу, тиімді дағдарыс-менеджмент, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенім радиусын кеңейту.  

Модератор Ерлан Саиров атап өткендей: «Президенттің 2020 жылғы күн тәртібіндегі негізгі бағыттардың бірі дағдарысқа қарсы саясат пен дамудың жаңа жағдайларына бейімделудің бір бөлігі болып табылатын реформалар болды. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың бастамасы бойынша Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылып, саяси реформалардың бірінші пакеті дайындалды. Мемлекет басшысы өз сөзінде айтып өткендей, қазір «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруға, әділеттілік пен тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілетуге және бекітуге бағытталған еліміздегі демократиялық өзгерістерге жаңа серпін беретін реформалардың жаңа пакеті дайындалуда».

Саясаттанушы Бауыржан Төлегеновтің пікірінше, «Президент Тоқаевтың қызметі үшін 2020 жылдың маңызы бірден бірнеше сын-тегеуріндер - мұнай бағасының тарихи төмендеуі, коронавирус пандемиясы және оның салдарынан туындаған экономикалық дағдарыс салдарымен айқындалады. Осыған жауап ретінде Қазақстан билігі ең алдымен халықтың денсаулығын қорғауға, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы саясатты жедел дамытуға баса назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы ретінде биліктің барлық тармақтары үшін ұйымдастырушылық және үйлестіруші бастама жасады».

IMG_8185
IMG_8278
IMG_8252
IMG_8289
IMG_8401
IMG_8336
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5 6

Саяси консультант Дина Айкенованың айтуынша, «Президент Тоқаевтың 2020 жылғы қызметінің негізгі бағыттарының бірі мемлекет пен биліктің қоғамдық сауалдарға ден қоюы болды. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы халықпен кері байланыс орнату, пікірлер плюрализмі мен баламалылығын көтермелеу арқылы қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенім радиусын кеңейтуге бағытталған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды жалғастырды. Азаматтардың құқықтарын қорғау және жеке адамға қарсы жазаларды қатаңдату бөлігінде үлкен жұмыс жүргізілді».

Саясаттанушы Қазбек Майгельдиновтың пікірінше: «2020 жылы Президент Тоқаев мемлекеттік саясаттың негізгі алгоритмдерін анықтауды және белгілеуді жалғастырды. Жыл бойы ол негізгі процестерді сенімді басқарып келді. Мемлекет басшысы кемінде 150 ішкі саяси кездесу өткізді. Бұл ретте ол тек басқарушы истеблишментпен ғана емес, сонымен бірге қоғам қайраткерлерімен де белсенді кездесіп отырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы негізгі оқиғаларға баға берді, ұлттық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша үндеу жасады. Мұның бәрі Президенттік институттың билік пен шешім қабылдау құрылымында шешуші рөл атқаруының көрсеткіші болып табылады».

Іс-шараға қоғам қайраткерлері, сарапшылар, ғалымдар және т.б. қатысты.

1
2
Previous Next Play Pause
1 2

Место и время проведения: г.Нур-Султан, БЦ «Санкт-Петербург», конференц-зал, 7 этаж, 704 кабинет

 

 

Back to top