поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

Еуразиялық интеграция институты Мемлекет басшысының

2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын халықтың қабылдауы жөнінде экспресс-сауалнама жүргізді

 

Еуразиялық интеграция институты Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына 2018 жылғы Жолдауын жариялағаннан кейінгі үшінші күні еліміздің ірі қалаларында, облыс орталықтары мен ауылдарында репрезентативті таңдау бойынша ел тұрғындарының алған әсерлерін білу мақсатында телефондық экспресс-сауалнама жүргізді.  

Сауалнама барысында, Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен кейін аз уақыт өткеніне қарамастан, Жолдауда айтылған негізгі идеялармен халықтың ақпараттануы мен қызығушылығының жоғары деңгейі анықталды. Сұралғандардың басым көпшілігі (82%) оның мазмұны туралы хабардар. Сауалнамаға жауап берушілердің кем дегенде жартысы құжаттың негізгі ережелерімен толық немесе ішінара танысып үлгерген.

Қазақстандықтар Жолдаудың мазмұнын жоғары бағалады. Жолдауды тыңдаған немесе оқыған респонденттердің басым көпшілігінің пікірінше, онда халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын жақсарту бойынша қажетті шаралар ескерілген (84,6%). Дәл осы шаралар халықтың түрлі топтарының арасында талқыланды. Атап айтқанда, сауалнамаға қатысқандардың үштен бірінен астамы ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру, сондай-ақ мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын арттыру жөніндегі шараларды (34,5%), әрбір бесінші – денсаулық сақтаудың сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі шараларды (20,7%), сонша адам білім беру сапасын арттыру жөніндегі шараларға назар аударып, мақұлдайды. Әрбір оныншы респондент тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша шараларды атап өтті, әсіресе олар қала тұрғындары арасында жоғары сұранысқа ие. Өскелең ұрпақ жастарды және отбасы институтын кешенді қолдау шараларын, сондай-ақ 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды оң қабылдады.

Қазақстан халқы Жолдаудың денсаулық сақтау және білім беру саласына байланысты шараларын бірінші кезекте іске асыруды, халықтың табысы мен тұрғын үйге қолжетімділік деңгейін арттыруды, баға мен коммуналдық тарифтердің өсуін тежеуді жүзеге асыруды қолдайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қажеттігіне ерекше назар аударады.

Back to top