поддержка PHP 7

«Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады»

Н. Ә. Назарбаев

2018 жылғы 5–6 қарашада Қарағанды қаласында Еуразиялық интеграция институты Астана қ., Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстары әкімдіктерінің басқармалары және бөлімдерінің бастықтары мен орынбасарлары үшін өткізген «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: өзгерістерді басқару» атты семинар-тренинг болып өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің жобалық менеджмент, жобалық командаларды және бюджеттерді басқару, тәуекелдердің алдын алу, сондай-ақ, жобалар мен бағдарламаларды тиімді іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру саласындағы заманауи технологияларды қолдану бойынша білімдерін тереңдету.

Семинар-тренингтің қатысушылары алдында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Айдаров Алмас Айдарұлы, Қарағанды облысы Экономика басқармасының бастығы Тәуірбеков Ораз Қайсайұлы, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы бастығының орынбасары Мұқашев Саламат Бақытұлы сөз сөйледі.

Тренерлер ретінде CPBA (Certified Professional Behavior Analyst) бойынша сертификатталған аналитик, Қазақстан Республикасы Психологтар ассоциациясының мүшесі Ибраева Жанна Досбекқызы және «AZ Development» компаниясының директоры, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, экономиканы және саясатты дамыту саласындағы ғылымдардың магистрі Жансейітов Азамат Төлешұлы қатысты.

Семинар-тренингтің бірінші күнінде тыңдаушылар интерактивті технологиялар арқылы ынталандырушы менеджмент, тайм-менеджмент, стресс-менеджмент саласындағы жетекші трендтер және әдістермен танысты, ынталандырудың заманауи әдістерін талқылады, атап айтқанда «Ынталандыру 2.0» әдісі, еліктіруші ортаны құру, мақсат қою, DISC әдіснамасы талқыланды, оны қолдану персоналды, коммуникацияларды және тағы басқаларды басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Екінші күн жобалық менеджмент және оның негізгі қағидаларын мемлекеттік секторға енгізу мәселелеріне арналды.

Іс-шара барысында жобалық менеджменттің жаңа тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында іске асырылатын жобалардың тиімділігін арттыру бойынша пікірталас өткізілді. Сонымен қатар, тыңдаушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Жобалық басқару департаментінің өкілдері жауап берді.

Семинар-тренингтің тәжірибелік бағытталған мазмұны тыңдаушылардың өзгерістерді басқару саласындағы біліктілігін арттыруға, мемлекеттік секторда жобалар мен бағдарламаларды басқару қағидалары мен механизмдері жайлы түсініктерін толықтыруға мүмкіндік берді.

 

Іс-шараны ұйымдастырушы: Еуразиялық интеграция институты

Анықтама үшін: 51-69-12, 51-69-74.

Back to top