поддержка PHP 7

«Я убежден: начатые нами масштабные преобразования должны сопровождаться опережающей модернизацией общественного сознания. Она не просто дополнит политическую и экономическую модернизацию - она выступит их сердцевиной»

Назарбаев Н. А.

Еуразиялық интеграция институтының

Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің

басшысы Қазбек Майгельдинов өз пікірімен бөлісті

Тарихи Түркістан ұғымы ХІХ ғасырда Орталық Азия елдерінің ортақ атауы болды. Бертін келе Түркістан Автономиялық Республикасы да тарих сахнасында дәл осылай аталып, Орталық Азия елдерін біріктіргенімен кейінірек Кеңес үкіметінің құрамында жұтылып кетті, — деген белгілі саясаттанушы, Еуразиялық интеграция институтының Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Қазбек Майгельдинов, — Орталық Азиядағы геосаяси жаңа бағытта Түркістан облысының дербес шығуы Қазақстанның күллі түркі әлеміне үлгі көрсетіп, нақты шешім қабылдауы құптарлық жайт, — деп өз пікірімен бөлісті.

— Жаңа ашық бағыттағы экономикалық-саяси бағытқа көшіп жатқан Өзбекстан үшін де аталған аймақтың геосаяси маңызы зор. Осы орайда, Елбасы дер уақытта нақты әрі тарихи шешімді қабылдады. Жаңа облысты құрды. Түркістан облысы мен Шымкентте ел халқының жиырма пайызы қоныстанған ғой. Оған қоса аймақтың әлеуеті де өте зор. Бұл – Қазақстан үшін ғана емес, батыс елдерімен өзара байланыста транзиттік көлік инфрақұрылымына өз әсерін тигізетін фактор. Елбасы айтқандай, биыл құрылғанына бір жыл болған облыс инвесторлар мен түрлі қаржы көздерін және жаңа технологияларды тартуда таптырмас территория. Облыстың импульсті дамуы үшін, жаңа ғана сөзіміздің басында айтып өткен Өзбекстанмен бәсекеге қабілетті болуы үшін аймақты көтерудің маңызы зор.

Рас, бір жыл аз ғана уақыт. Облыстың құрылып, оның орталығындағы түрлі инфрақұрылымдық мәселелердің шешілуі, құрылыс обьектілерінің жаңаруы жергілікті тұрғындарға да шарапатын тигізуде. Түркістан – тек қана дамушы қала, дамушы облыс емес. Бұл – біздің және түркі тілдес халықтардың мәдени-тарихи және рухани орталығы. Ойымды былай айтайын, Нұр-Сұлтан – еліміздің саяси-әкімшілік басқару орталығына, әлемнің бейбітшілік платформасына айналса, Алматы – қаржы мен бизнестің шоғырланған нүктесі деп танылды.

Түркістан да жаңа статусына орай, дәл сондай мәдени-гуманитарлық бағыттағы рухани орталығымыз болуы керек. Алдағы жылдары атқарылуы тиіс қаншама жұмыс бар. Халық тығыз орналасқан аймақ даму тұрғысынан еліміздің өзге аймақтарымен салыстырғанда жоғары рейтингтерді көрсетеді деген үмітіміз бар. Себебі, аймақтардың дамуында тепе-теңдік болуы қажет. Өйткені, оңтүстік аймақтар халықтың тығыз орналасуына сай жалақы, жұмыспен қамту тұрғысынан өзге өңірлерге қарағанда артта қалып келген еді. Сондықтан, жаңа облыстың құрылуымен түйтілік шешілмеген түрлі мәселелер өз шешімін табады деген сенімдеміз.

Мықты мемлекеттің тұғырын құруда Түркістан секілді қазақтың игі жақсылары жатқан қаланың бұл тұрғыдағы потенциалы еліміздің өзге қалаларына қарағанда әлдеқайда жоғары. Тарихи шындық қой бұл? – деген Қ.Майгельдинов — күтетініміз Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өсуі, — деп ойын түйіндеді.

Back to top