Институт Қазақстан мен шетелдердегі ішкі саяси жағдайды және әлеуметтік-экономикалық үдерістерді талдау мен болжауға байланысты ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізуге маманданған. Ол Қазақстан Республикасының ішкі саясаты және еуразиялық интеграция саласында шешімдер қабылдау кезінде мүдделі мемлекеттік құрылымдардың қызметіне талдамалық және ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетеді.